Home » "Коммунист Казахстана" » 15 мамырдан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жазғы шектеулер қойылды

15 мамырдан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жазғы шектеулер қойылды

«Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 7 наурыздағы №59 бұйрығы

және «Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 7 сәуірдегі №174 бұйрығы негізінде жаз мезгілінде күндізгі және кешкі уақыттарда республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдардың көтергіштік қабілетін жоғалтуына байланысты автокөлік құралдарының қозғалысына жыл сайынғы уақытша шектеулер қойылды. Бұл шектеулер дара білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына ауаның температурасы 25ºС-тан жоғары болған жағдайда күндізгі сағат 10.00-нан кешкі сағат 22.00-ге дейінгі уақыт аралығында жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына қойылады.

Яндекс.Метрика