Home » "Коммунист Казахстана" » 16 ЖАСАР БОЗБАЛА ӨРТТЕН ҮШ БІРДЕЙ ӨРІМТАЛДЫ ҚҰТҚАРЫП, АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

16 ЖАСАР БОЗБАЛА ӨРТТЕН ҮШ БІРДЕЙ ӨРІМТАЛДЫ ҚҰТҚАРЫП, АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

18 қазан 2010 жылы

kn

Бұл оқиға Жамбыл облысы Түрксіб ауылында болған.

Нұрсұлтан Жүнісов өртке оранған үйден балаларды аман-есен алып шықты, артынша газ балоны атылған. Нұрсұлтан әдеттегідей сабақтан соң Тараздағы колледжден ауылы Түрксібке оралған еді. Жолда қараусыз қалған мал базасы маңынан өтіп бара жатып, сол маңдағы үйдің бірінің шатыры өртеніп жатқанын көзі шалады.

Біраз адам жиналып қалған, тобырдың арасында үрейленген әлдебір әйел өрт басқан үйде кішкентай балалардың қалып қойғанын айтып зар қаққан. Өзі ол кезде құрылыстағы жұбайына түскі ас апарып келген. Нұрсұлтан есікті ашып үлгерместен, ар жағынан жылаған 6 жасар бала жүгіріп шығады. Ол түкпі бөлмеде екі інісінің қалып қойғанын, қорыққанынан тығылып қалғанын айтады. Оны естіген Нұрсұлтан қарап тұрмай тұра ұмтылған. Түтін арасынан екі баланы тауып алған Нұрсұлтан далаға көтере жүгіреді. Арада 1 минут өткенде газ балоны жарылған.

Бөкен Медербаев осы оқиғадан соң өз-өзіне келер емес. Күн сайын Нұрсұлтанды алдынан шығып күтіп алады. Оның айтуынша, ерлік көрсеткен бозбала олардың қорғап қалған періштесі. Нұрсұлстан әжесінің тәрибесінде болған. Қазір апасы 86 жаста. Немересі үшін ештемеден аянбапты, керегін түгел сатып әперген. Нұрсұлтан бала болса да, барлығын түсінетін,- дейді әжесі.

Яндекс.Метрика