Home » "Коммунист Казахстана" » 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап «Еуро-3» талабы күшіне енеді

2011 жылдың 1 шілдесінен бастап «Еуро-3» талабы күшіне енеді

Осы орайда, Автокөлікшілер одағы үкіметке қоғамдық тасымалдау парктеріндегі көліктерді «Еуро-3» талаптарына сай субсидиялау туралы ұсыныс жасамақшы. 

Бұл туралы бүгін Қазақстанның Автокөлікшілер одағы басқармасының төрағасы Серік Әлиғұжинов баспасөз мәслихатында хабарлады. Басқосуда Қазақстан көлік қоқысына айналмас үшін ортақ кедендік одаққа мүше елдермен қатар «Еуро-3» стандарттарына дер кезінде көшуі тиіс, сонымен қатар Көлік және коммуникация министрлігі осы бағытта қолдау көсетуі қажет деген мәселелер көтерілді. Сала мамандары қазіргі кезде еліміздегі мұнай өңдеуші зауыттар «Еуро-3» стандартын енгізуге дайын екендігін алға тартуда. Ал, «Еуро-4» талабы 2014 жылы енгізіледі деп жоспарланған.

Серік Әлиғұжинов, ҚР Автокөлікшілер одағы басқармасының төрағасы:
– Қазақстанның, біздің мұнай өңдеуші зауыттар оған уже жұмыс істеп жатыр. Мысалы, Шымкенттің зауыты айтады біз дайынбыз Еуро-3-ке сай бензин шығаратын жағдайымыз бар деп жатыр.

Яндекс.Метрика