Home » "Коммунист Казахстана" » 2012 жылы Қазақстанда «Білім» телеарнасы құрылады

2012 жылы Қазақстанда «Білім» телеарнасы құрылады

2012 жылы Қазақстанда «Білім» телеарнасы құрылады,- деп мәлім етті Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев.

«Мәдениет» телеарнасы биыл күзде, «Білім» келесі жылы эфирге шығады», – деді ол сәрсенбі күні Астанада редакторлардың форумында.

Оның айтуынша, аталған телеарна білім министрлігімен бірлесіп құрылады.

«Телеарна мектеп оқушыларына, қазір білім алып жатқан жастарға ақпарат таратады», – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол республикада қазақстандықтардың музыкалық мәдениетін көтеру бағытында жұмыс істейтін «Классик» радиосы құрылатынын жеткізді.

Яндекс.Метрика