Home » "Коммунист Казахстана" »

ҚКХП жақтастары  мен мүшелеріне

Қымбатты жолдастар, достар!

Біздің партияның құрылғанына 7 жыл толғалы жатыр. Шығыс елдері үшін жеті деген – ол тұрақтылық пен жетілгендіктің белгісі.

2004 жылдың маусым айында көпшілігіміздің ойымызды күмән, үрей және қауіп торлаған еді. Біз мысқылға, жазғыруға және қорлауға тап болдық. Бүгін оның бәрі артта қалды. Партия қатары біразға артып, ұйымдардың кең ауқымын құрдық.

Бастан кешкен жеті жылда біз адамдардың өміріндегі маңызды деген мәселелерін көтердік. Өзін өзі жұмыспен қамтығандардың  өткір мәселелерін айқындап, шешімін таптық. Жер үлестері иелерінің құқықтарын нақтылап, белгілеуге әрекет жасап, жер мен мал шаруашылығындағы шалыс әрекеттердің себептерінің бетін аштық.

Халықтың әл-ауқаттылығының жоғарылауы, жер қойнауын және шикізат ресурстарын экономиканың даму жолында кенінен қолдануда екенін көреміз. Көмірсутек шикізатын өндіруден түскен айналымды толық пайдалансақ, біздің елде тегін білім алуды, денсаулық сақтауды және рухани қажеттілікті қанағаттандыра аламыз.

Қоғамның кедей мен байларға жіктелуіне табан-тіресті қарсымыз, Халық билігін орнатып қана елімізді ары қарай дамыта аламыз.

Шынайы көппартиялықты және азаматтық қоғамды құру  саласында  тиістіре жұмыс істеуіміз қажет. Және де өмірлік үрдістер халықтың бақылауында болғаны мағызды.  Халыққа өзгеріс қажет, олар әзір әрі қолдайды. Біздің партияға бұл мүмкіндікті толығымен пайдалану қажет, билікке қорлық және қанауды көрген халық  өкілеттері келу керек. Партия, шындықтың және әлеуметтік әділеттін жақтаушыларының есімдерін жария қылуға дайын. Тап етіп, жеңіске жетпеген күнде де, уақыт, біздің бағытымыздың дұрыстығына көз жеткізеді. Біз әр мандат үшін ашық және табан-тіресті күресеміз.  Ақиқат халықтың жағында.

Біз халық билігі үшін!

Билікте – күш, бізде ақиқат!

ҚКХП ОК

Яндекс.Метрика