Home » Атырауский обком » Ақ халатты жандардың ақ тілегі

Ақ халатты жандардың ақ тілегі

Атырауға арнайы Астанадан іс-сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Тұрсынбек Өмірзақов Қазенұлы Атырау облыстық ауруханасының залында медицина саласының тәжірибелі мамандарымен, болашақ дәрігерлермен жүздесті. Бұл кездесуге «Нұр Отан» партиясының мүшесі Асхат Бекенов Сақабиденұлы, және «Ақ Жол» партиясының мүшесі Аманжан Рысқалиев Сәулебайұлы қатысты. Жиын барысын облыстық аурухана бас дәрігері басқарып отырды.

М.Монтель айтқандай: «Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жүгерді, не еңбекті, тіпті, барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлігін де қиюға болады. Денсаулықсыз өмір – қызықсыз әлем деп есептеймін» деген екен. Депутаттар ақ халатты абзал жандардың ой-пікірлерін тыңдады. Мыңдаған кесел мен дерт «тонын айналдырып», сан құбылып, жүз өзгеріп адамзаттың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп жатқан қазіргі уақытта дәрігерден терең білімділікті, сезімталдықты, аңғаруы мен түйсігі мол болуды талап етіледі. Депутаттар жиын үстінде осындай проблема төңірегінде тоқталып өтті. Адам денсаулығы, адам өмірі дәрігерлердің қолында. Дәрігерлер мықты маман иелері болса бұндай жағдайда сырқат денсаулығына, өміріне қауіп бұлты қоюлана түсетіні мәлім сондықтан да жамандықтың келеріне төтеп бере алатыны сөзсіз. Медицина қызметкерлерінің жалақысы төмен оған дәрігерлердің көңілі толмайтындығы жайлы ұсыныстар болды.

Гүлжан ИНЖЕЛОВА

Атырау қаласы

Яндекс.Метрика