Home » "Коммунист Казахстана" » Адам өмірін 200 мың АҚШ долларына бағалаған қылмыскер қолға түсті

Адам өмірін 200 мың АҚШ долларына бағалаған қылмыскер қолға түсті

Бүгін Павлодар облысына қарасты Қашыр ауданындағы шағын шаруақожалығыда үш тәуліктен астам уақыт ресейлік кәсіпкерді тұтқында ұстап, одан бас бостандығы үшін 200 мың АҚШ  долларын талап екен азамат қолға түсті. Сонымен қатар, күдіктінің үйін тінту барысында екі аңшы мылтығы мен 5 оқ және тұтқын болған ресейлікке тиесілі бір топ құжаттар салынған сөмке табылған. Қазір бұл оқиға  бойынша қылмыстык іс көтеріліп, «адам ұрлады» деген айыппен Тереңкөл аулының 50 жастағы тұрғыны қолға түсті.

Облыстық Ішкі Істер басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұтқында болған ресейлік азамат Алтай аймағына қарасты Барнауыл қаласының 40 жастағы тұрғыны. Әрі осы өңірге танымал үлкен кәсіп иесі екен. Ал Қазақстанға арнайы іс-сапармен келген тұсында бұрын онымен әріптес болған қазақстандық тапсырыспен әлдебіреулерге ұрлатып, үш тәулік қорасында қамап келгені анықталды. Егер күдіктінің кінәсі толық айғақталса, онда ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы жазасына кесілуі мүмкін.

Яндекс.Метрика