Home » № 3//25.01.2013 » АДАМДЫҚ КЕЛБЕТІН ЖОҒАЛТҚАН ҰРПАҚ…

АДАМДЫҚ КЕЛБЕТІН ЖОҒАЛТҚАН ҰРПАҚ…

Заман азды ма, əлде адам – біздер аздық па?

Əйтеуір кім азсада сіз бен біз жүрген мына қоғамда күніне сан түрлі азғындықтың куəсі болатын болдық. Таң сəріден жұмысына асығып, кім бар, кім жоғына қарамай кеңсесіне бет алатындардың басым көбі қоғамдық автокөліктерді пайдаланатыны сөзсіз. Тиімді əрі ықшамды көреміз жасыратыны жоқ. Менде ел қатарлы тəңертеңгілік жұмысыма асығыс шықтым. Бекерде көп кешікпей келе қалатын аты шулы 36 автобусты күткенімізге жарты сағатқа жақындады. Айналамыдағы халық біртіндеп такси ұстап кетіп жатты. Əдейі күттім қанша уақытта келетінін білу мақсатында. Себебі жұмысымнан онсызда кешіктім. Мен тұрған аялдамаға көптен күткен 36 маршртуттағы автобус 48 минуттан соң келді. Ішінде ине шаншар орын жоқ. Кондуктор мырзамыз өзі атып шығып іштегілерге

неге дайындалып тұрмайсыңдар деп жекіп, күтіп тұрған біздерге тезтезге басты. Шығатындардың да біздің де қатарымызда үйелмелі – сүйелмелі қарттар, аяғы ауыр аналар, кішкентай балалар… бəріміз бармыз. Автобустың табалдырығына аяқ қойып үлгерсен болды есік тарс жабылып біріңді- бірің талап жеуге дайын тұрсың. Тіпті ол жерде арнайы ұстағыштан ұстаудың да қажеті шамалы. Себебі құламайсын.

Қолыңның, сумкаңның қайда қалғанын білмей тұрғанда кондутор мырзамыз шықты «жол ақсын төлейміз, жол ақысын дайындаңыздар»,- деп.

Қайдағы жолақы?… Аяғың жерге тиіп тұрғанын, не тимей тұрғанын сезбей тұрсаң. Бізді қойыңызшы өзімнің көргім келгеніде осы ғой. Аталмыш автобусқа елмен бірге кірген самайын ақ шалған апамызға орын бермек түгілі тұрған көпшілік бірінбірі итеріп апаны қысып алды ақыры. Жаңағы кондуторымыз «апа жолақысын төлеңіз»,- деп қасына келіп қақылдап тұрды да алды. Құдды бір сол қария қашып кетердей. Апамыз өзінің əзер тұрғанын, баратын жерінің алыс екенін шыққанша төлейтінін айтып жатыр, ал біздің мырза тыңдар емес.

«Қазақ десең өзіңе тиеді, аналардан ұят кеткесін, жастардан не қайыр.

Бизде бала-шағамызды асырап, күн көру үшін жүрміз. Қане төлеңіз апа…»,-алақанын жайды. Тұрғандар бас шайқасты, жаға ұстасты. Апамыз ұялғанынан қасында тұрған бойжеткенге өзін ұстай тұруын, ақшасын төлеп алмаққа өтінді. Ақшасын берді. Бірақ жаңағы жас мырзамыз əлі бұрқырап, жүргіншілерге қасқырдай тиіп жүр.

Қоғамдық автокөліктерде этика мен эстетиканың қашан орын алып бір қалыпқа түсетіні белгісіз. Өздерінің уақыттан кешігіп, айналасындағы тұтынушыларға қырғидай тигені аздай, жолдарда орын алатын жол апаттарына бірден–бір себепкерде сол автобус жүргізушілері. Құлқынын ақша тескен аға-əпкелеріміз бен замандастарымызға айтар жалғызаақ дүние адами келбеттерін ақшаға айырбастап, ақ жаулықты аналарымыз бен аузы дуалы аталарымыздың көңіліне кірбің салмаса екен.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Астана қаласы

Яндекс.Метрика