Home » "Коммунист Казахстана" » Адасқанның айыбы жоқ, қайтып ұйірін тапқан соң…

Адасқанның айыбы жоқ, қайтып ұйірін тапқан соң…

Абайдың қырық бесінші қара сөзінде «Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі – неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғадаләт, махаббат құдайға лайықты дегендігі.

Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен ғадаләтке қарай тартпақпыз, сол алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады» делінген.

Расыменде дін исламды дінгегіне балаған біздің қазақтан Аллам сабырын алмаса игі. Алайда дін деп дінге бет алмас бұрын өткенге көз салып, тарихты бір саралап көрелік. Бүгінгі жиырма бірінші ғасырда кей түстарда үніміз «мен қазақпын» деуге қарлығып шығып, дін тармақтарына келгенде шатасып жатамыз. Бұған себепте, салда жоқ емес. Осылардың бірі, әрі бірегейі қазақ елінің ескі шебінен Қытай және Ресей империяларының шекарасы ресми түрде белгіленгеннен кейін 1862 жылдан бастап қазақ халқын шоқындыру, сол арқылы біртіндеп орыстандыру саясаты елімізде ашық түрде жүре бастады. Ол ол ма, тарих деректері бойынша «қазақ» деген атымызды қорлап, әлемнен жою мақсатында «қайсақ» және «киргиз-кайсак» деп атағандарына тарихтың ақтаңдақ сырлары куә. Ол тек бержағы ғана, ұлтымызды ана тілінен айырып, төл дінінен адастырмаққа әрекеттенген орыс империясының саясатының астарында қазақ даласына християн дінін насихаттап, халықты шоқындыра отырып отарлау олардың басты мақсаты болған.

Отарлап барып шоқындыпу саясатынан ата-анасынан айрылып, тағдыр тауқіметін тартқан жетім балаларда шет қалмайды. Ресим дерек көздерінде келтірілген мысалдар бойынша 1817 жылы Орал казак әскерінің казактары 17 же-тім қазақ баласын бірнеше жыл жалшы етіп ұстап, біртіндеп бәрін шоқындырған. 1839-1841 жылдар арасында қазақтардың Кенесары бастаған көтерілісін басу ке-зінде орыс әскерлері талқандалған ауылдарда қалған жетім балаларды алып ке-тіп, отаршыларға жалшылыққа бөліп берген және біртіндеп оларды да шоқын-дырған көрінеді. Бұл жөнінде қазақ зиялысы Ахмет Байтұрсынов миссионер атаулының өткен тарихымен жете таныс әрі олармен тікелей қызметтес болуы себепті де, олар көздеген саяси түпкі мақсаттың шоқындыру мен орыстандыруға алып келерін біліп, төңкеріс алдында-ақ былай деген екен.

«…Хүкіметке жағымдысы – қол астындағы жұрттың жазу-сызуы, тілі, діні бір болу. Ресей қол астында түрлі тілді, түрлі дінді, түрлі жазу-сызуды тұтынып отырған жұрттар бар. Солардың бәрі тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, хүкіметке онан артық іс болмас» («Қазақ», 1914 жыл 9 мамыр), – деген ой қорытындысына келуінде айтарлықтай терең таным, үлкен сыр жатыр. Өйткені Ресей империясының отаршыл топтары, әсіресе миссионер ғалымдары бұратана халықтардың бір тілде сөйлеуі, бір дінде болуын қатты армандап, осы жолда талай саяси амал-айлаларды қолданып, дегеніне жете алмауына біздің бағымызға Қазан төңкерісі себеп болған еді».

Сондай-ақ алдау мен арбауға көніп шоқынғандардың арасында бармақтарын істеп, өкінгендеріде болған. Мәселен Павлодар уезінің Бастау болысындағы Сейітқазы Оразов деген қазақ шоқынғандардың қатарында болған. Шоқынғаннан кейін Сейітқазы Оразовдың аты-жөні Василий Яковлевич Меншиков болып өзгерген.

Ел басына күн туған қиямет уақытта елдің зиялылары да қарап қалмады. Мәселен жерлесіміз Жүсіпбек Аймауытов шоқындыру туралы:

«Қазақтың жерін тілгілеп, келімсек мұжықтарға аударып бере бастады, тілін бұзуға, дінін бұзуға ауылный школ, миссионерлер таратты, әдет-ғұрып, салт-

санасын өзгертіп, орысқа бас игізуге жаңа заман, мировой судья, крестьянский начальниктер шығарды. Қазақты ішінен тоздыруға сайлау деген шырға тастап, өзді-өзін жұлыстырып, қырқыстырды», – деп ашық айтқан.

Мұсылман дінін қабылдап жатқан өззге дін өкілдерін бүгінгі таңда көрсек таңдана қарайтынымыз бар емес пе? Өзінің дінінен исламды артық көргендер, сол бір шоқындыру заманында да болмай қойған жоқ. Бұған сырлы тарихымыз куә. Сол жылдарда орыстардың арасынан мұсылман дініне көшкісі келгендерде болды. Алайда олар орысты қойып қазақтарды алдап, арбап шоқындырып жатқан шақта оларға мұсылмандықтың нұрлы жолы қайда?

Ал, 20 жастағы Ульяна Козыренко Ақмола әскери губернаторына жазған өзінің өтініштерінде 10 жасында ата-анасынан айырылып, қазақтардың қолында өскенін, қазақ тілінде сөйлейтінін, қазақтардың әдет-ғұрпында, салт-дәстүрінде тәрбиеленгенін, мұсылман деп есептеуді өтінетінін айтады. Бірақ дін мәселесі департаментінің 1905 жылғы 18 тамыздағы нұсқауына өтініш қайшы деген сылтаумен оның өтініші де орындалмайды.

Осылайша мұсылмандықты қабылдағсы келген өзге ұлттар соның ішінде орыстарда, дін діңгегінен айрылып, шоқынған қазақтарда басы байлы орыстың құлына айналды.

Бұл өткен тарих. Деседе, жанымызда қалған жара, сүйегіміздегі таңба екені сөзсіз.

Тәубә! Бүгінгі таңда мешіттерімізде азан шақырылып, қай ұлттың өкілі болсын әйтеуір мұсылман баласы мешіт төрінде құбылаға бет бұрды.

Алайда қазіргі таңдағы қоғамда болып жатқан сан түрлі өзгерістер бүгінгі қазақтарды өз еркімен, қалау-таңдауымен шоқындырып жібермесе игі. Себебі, қытай, неміс, кәріс пен орыстың азаматтарының етегінен ұстап жатқан замандастарымыз, өзге ұлттың сулуына сұқтанып, жар еткен ерлерімізді көріп сесекенсің. Қанша жерден жүрегімдегі иманым берік дегенмен екінші жартыңның қалауы өз дініңнен шығып, өзге дінді қабылдау болса ше? «Байтал түгіл бас қайғы» осы жерде болатыны анық. Ал, егер сіз өзге дін өкілін өз дінімзге кіргізіп, исламның құдіретін мойындатсаңыз бұны исі мұсылман баласы хош көрері анық.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

АСТАНА

Яндекс.Метрика