Home » Партийная жизнь » Алаштың дара тұлғасы Машһүр Жүсіп кесенесінде.

Алаштың дара тұлғасы Машһүр Жүсіп кесенесінде.

Жуырда Екібастұз қаласының бір топ компартия мүшелері қаланың бас көшесіне аты берілген ұлы ақын, ғалым, шығыстанушы, араб, парсы халқының тарихын, фәлсафасын жақсы білген, химия, физика, жағырафия, астрономия ғылымдарынан жақсы хабары болған, Машһүр Жүсіп кесенесінде, болып қайтты.

Жолшыбай «Қарасу» елді ауылына соғып жергілікті халықтың тұрмыс жағдайын, ен далада жайылып жүрген мыңғырған малдарды көріп, ауыл өміріне сүйсіне де таңырқай қараған компартия жастар қанаты мүшелері өз ойларымен бөлісті. Ауылдың ортасында тұрған ұлы көсемнің ескерткіші жанында, өткен ғасырдағы октябрядтар, пионер, комсомол, аға буын компартия мүшелері өмірі туралы ересектер әңгімесін тыңдады. Сонымен қатар Елбасының халықтың тұрмысын жақсартудағы бағдарламаның бір тармағы «Ақ Бұлақ» жоспары қалай жүзеге асып жатқаны туралы көріп білді.

Қарасу ауылын басып өтетін жол, туп-тура Мәшһүр атаның кесенесіне апарады, алайда ауыр жүк машиналары жүретін, халық көп қатынайтын жол бола тұрса да, адамдардың қасиетті атаның бара жатқандағы көңіл-күйін, жолдың нашарлығы, кей жерлерде, мұңайтып-ақ тастайды.

Машһүр Жүсіп кесенесі Ескелді жерінде орналасқан. Кесененің әр баспалдағындағы тақта-тасқа жазылған ақынның ғибратты өлеңмен жазылған сөздерін оқыған әр адам зор әсер алып, бір мезет ұлы адамның өмір жолына, жалпы халқымыздың тарихи дамуына терең бойлап кеткенін сезбей-де қалады, керемет бір ғажайып ойға бөленеді.

Ұлы адамға арналған мұражай 1993 жылы Жаңажол ауылында ашылған, бұған дейін мұражай жергілікті мектепте, мәдениет үйі ғимаратында орналасқан болатын. Мұражайдың жәдігерлері ғалымның көзі тірісінде қолданған жеке заттары: мүстек, тіс ысатыны, кесесі мен қасығы, ағаштан жасалған табағы, самаурын мен қол жуатын шәйнегі, жайнамазы, дұғалықтары т.б. заттары толықтырады.

Екібастұз ҚКХП қалалық комитетінің баспасөз орталығы

Ғ.С.Қожамбердинова

Яндекс.Метрика