Home » Атырауский обком » Алдыңғы кезекте – еңбекші қауіпсіздігі

Алдыңғы кезекте – еңбекші қауіпсіздігі

Президент өткір мәселелерді ортаға салған. Және Елбасының айтқан сынымен келіспеуге болмайды. Себебі, әсіресе аймақтарда Жолдау жүктеген міндеттер тез орындалуымен құнды. «Жасап жатырмыз, мынадай қаражат игеріп жатырмыз» деп жалған ақпарат беру әлі бар. Осыдан біраз уақыт бұрын Президенттің «мен барып лентасын қиып кәсіпорынды ашамын, бір жылдан соң ол кәсіпорын жұмыс істемей тұрады» деп, ашынғанын ұмытпаған боларсыз.

Басқасын былай қойғанда, Президенттің медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру туралы қарапайым тапсырмасы да назар аударуды қажет етеді. Мәселен, біз көзімізді қарату үшін Орынборға  жүгіреміз. Орынбор дәрігерлері қазақстандық науқастардың есебінен күн көріп отыр. Көзді қарайтын құрал-жабдық Ақтөбеде де, Атырауда да, Қызылорда да бар. Өйткені, ондағы дәрігерлердің жауапкершілігі жоғары, науқасқа дұрыс қарайды.

Кәсіподақ басшысы ұжымдық келісімнің орындалуын қадағалайтын адал, әрі заңды білетін сауатты адам болуы керек. Әсіресе қазір өндіріс орындарында қарайтын түскі үзіліс сағатын жөнді бермейтін жұмыс берушілер бар. Заңында түскі үзіліс екі сағаттан кем болмауы керек. Мұңын өзі – жұмысшының еңбек ету әлеуетін арттыратын фактор. Жалпы еңбек адамын жан – жақты әлеуметтік қорғау деген уақытта жұмысшының психологиялық, физиологиялық жағдайы ескерілуі керек. Сондықтан бұл орайда партиялардың бақылау комиссиялары өндіріс орындарына жиі барып тұруы керек деп ойлаймын.

Жалақыны уақытында бермей кешіктірген, еңбек дауын туындатқан, еңбек қауіпсіздігін сақтамаған жұмыс берушілер, кәсіпорындар міндетті түрде жауапқа тартылуы керек. Жалақы ұзақ уақытқа кешіктірілсе, онда басшыларға тәртіпке шақыру шаралары керек сияқты. Сонда ғана еңбек ошақтарында тәртіп болады.

Осы жерде тағы бір мәселе шығады. Мүгедекке айналып, ғаріп болып қалудан кім сақтанған? Әрине, ешкім бұған кепілдік бере алмайды. Сондықтан, жұмыс орнында жүріп мүгедек болып қалғандардың тағдырына сол мекеменің жауапкершілікте болуын қарастыру керек. Мекемеде ол үшін арнайы қор ашылып, ғаріп болған жандар қордың өз алдына қаржыландыруымен жұмыспен қамтылып отыруы тиіс. Президент айтпақшы, өндіріс орнында жүріп, қатерге ұшырағандардың да асырап отырған отбасы, бала – шағасы бар. Ендеше оларды сыртқа ысырып тастауға болмайды.

Жәукен Көшенов ҚКХП Атырау облыстық

комитетінің Тергеу – тексеру комиссиясының төрағасы

Яндекс.Метрика