Home » Алматинский горком, Партийная жизнь » АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ КОМИТЕТІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ КОМИТЕТІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

24 желтоқсан, сейсенбі күні Қазақстан баспасөз клубында ҚКХП Алматы қалалық комитеті жылдың қорытындысы ретінде есептік баспасөз-конференциясын өткізді. Онда спикерлер ретінде ҚКХП Алматы қалалық комитетінің хатшысы Бейсенбаев Елнұр, ҚКХП АҚК Жастар қанатының жетекшісі Мақатаев Нариман, ҚКХП АҚК Ардагерлер кеңесінің төрағасы Артемьев Вячеслав сөз сөйледі.

 

Конференцияны баспасөз-клубының қызметкері ашып, жиын үш  кезеңнен тұратындығын жеткізді:

 

1) ҚКХП Алматы қалалық комитетінің 2013 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есебі және 2014 жылдың жоспары;

 

2) ҚКХП 10-жылдық мерей тойына арналған журналистер арасында Республикалық байқауының басталғандығы туралы хабарландыру;

 

3) Сонымен бірге 2013 жылы ҚКХП-ның атқарған жұмыстары туралы белсенді түрде ақпарат жариялап отырған журналистер марапатталады. 

 

1 – кезең

 

Қазақстан тарихы бойынша мұндай шара партияның филиалдарында алғаш рет ұйымдастырылып отыр екен. Бұл жөнінде Алматы қалалық комитеттің хатшысы Бейсенбаев Елнұр өз сөзінде баяндады:

 

Бұл конференцияның басты мақсаты біздің халық алдында, журналистер алдында ашықтығымыз, кез келген сауалға жауап беруге дайын екендігімізді көрсету. Алматы қалалық комитетінің атқарған істері өте көп. Солардың ең маңыздысы «Қоғамдық қабылдау». 2013 жылы АҚК «Қоғамдық қабылдауына» 220 жазбаша түрдегі көмек, 200 ден аса ауызша түрде кеңес берілгін. Шағымдардың басым көпшілігі Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына қатысты болса, екінші орында кредит мәселесі тұр.

 

Сонымен бірге АҚК хатшысы Е.Бейсенбаев келіп түскен өтініштердің барлығы қаралып, көмек көрсетілгендігін, тек 14 ғана өтініштің әлі де болса шешімін таппағандығын жеткізді. Ескерте кетейік бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Қоғамдық қабылдаудың» басты міндеті және қызметі қала халқына тегін заңгерлік көмек көрсету. Сонымен қатар Е.Бейсенбаев Алматы қалалық комитеттің осы жылы өткізген үлкен шараларымен таныстырды, алдағы жоспарларымен бөлісті.

 

2013 жылы Алматы қалалық комиеттіңнің мүшелерінің саны 4086 дамға жетсе, жалпы Қазақстан бойынша халықтың коммунистердің саны 98056 адамды құраған. Парламентке барған екі жылдың ішінде қарапайым халықтың халықтық коммунситерге деген көзқарасы өзгеріп, сенімдері арта түскен. Әсіресе жастар арасында танымалдығы артып, олардың партияға деген қызығушылығы пайда бола бастады дейді АҚК хатшысы Е.Бейсенбаев.

 

Сонымен бірге конференцияда ҚКХП Алматы қалалық комитетінің ардагерлерінің бүгінгі жағдайымен, олардың тыныс-тіршілігімен АҚК Ардагерлер кеңесінің төрағасы Артемьев Вячеслав таныстырды:

 

−  Қазіргі таңда өздеріңіз көріп отырғандай біздің партиямызда жастар көбейген. Бұл қаунтарлық жағдай. Алайда бізде қарап отырған жоқпыз. Ардагерлер әр мерекені ерекше етіп атап өтеді, мейрамдарға байланысты түрлі күнтізбелер жасап, қарттардың жағдайынан хабар алып тұрамыз.

Жоғарыда айтқанымыздай бүгінгі күні жастардың арасында партияның танымалдығы арта түскне. Бұл жөнінде Алматы қалалық комитеттің Жастар қанатының жетекшісі Мақатаев Нариман баяндап берді:

 

2013 жылдың қорытындысына арналған баспасөз-маслихатына келгендеріңізге Жастар қанатының атынан алғысымды білдіремін. Ағымдағы жыл біз үшін өте жақсы жыл болды. Біз, жастар қанаты сенбіліктер, ағаш егу, теннис, футбол, баскетбол бойынша спорттық ойындар және вело жарыстар, флэшмобтар сияқыт көптеген шаралар және кездесулер өткіздік. «Жас Отан» және «Ақжол» Жастар қанатымен бірге ЖОО және колледждер арасында минифутболдан жарыс өткіздік. Сондай-ақ әлеуметтік желелерде көптеген жұмыстар жасағандығымыздың арқасында, танымалдығымыз артып, оқырмандарымыздың саны 1500 жетті.

 

Одан соң журналистер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, барлығына қанағаттанарлық жауаптар алынды.

 

2 – кезең

 

2013 жыл ҚКХП үшін табысты жыл болды. Қарапайым халық арасында партияның танымалдығы арта түсті. Соның ішінде Алматы қалалық комитетінің атқарған жұмыстары партияның абырой мен беделінің жоғарылауына өз үлесін қосты және сол мақсатта Халықтық коммунистер келелі істер атқарды. Алматы қаласы миллиондаған тұрғыны бар саяси орта болғандықтан негізгі саяси жобалардың барлығы дерлік осында ұйымдастырылып, одан кейін Қазақстанның басқа өңірлерінде жалғасын тауып жатады. Бұл ретте БАҚ-тың атқарған қызметі ерекше.

 

Сол себепті осы жылы Алматы қалалық комитетті партияның іс-шараларына қолдау білдіріп, ұйымның атқарған қоғамдық жұмыстарына сын көзбен қарап, ақпарат таратуда белсенділік танытқан журналистерге, сондай-ақ телеарналарға алғыс хат табыстады. Олар: «31 арна», «Жетінші арна», «КТК» жәнен «Алматы» арнасының ұжымы, «Алаш Айнасы» газеті «Саяси» бөлімнің ұжымы, «Жас қазақ» газетінің тілшісі Ш Жарқынбеков, «ҚазТАГ» АА тілшісі М.Әлімханова, «Zonakz.net» ақпараттық порталының журналисті Г. Ковалев,  «Zakon.kz» АА Т.Нұрсейітов, «Matritca.kz» Ақпараттық порталының жетекшісі С.Болат, «Деловой Казахстан» газетінің журналисті А.Бейсенбаева, «Свобода Слова» газетінің тілшісі Абдыкадырова Разия және Қазақстан баспасөз клубы.

 

3 – кезең

 

Алматы қалалық комитет ҚКХП 10-жылдық мерей тойына арналған журналистер арасында Республикалық байқау өткізеді. Бұл байқауға ҚКХП, соның ішінде Алматы қалалық комитеттің атқарған жұмыстары туралы көлемді, мағыналы, сонымен бірге белсенді түрде материалдар жазған журналистер қатысады. Жалпы бұл байқаудың шарттары алдағы уақытта жария етіледі.

 

Алматы қалалық комитеттің баспасөз хатшысы

 

Әзімхан Гүлнұр

 

Яндекс.Метрика