Home » "Коммунист Казахстана" » Алматының ауасы біршама жақсарды

Алматының ауасы біршама жақсарды

Жергілікті өкіметтің қолданып жатқан шараларының арқасында Алматы қаласының атмосфералық ауасы жақсаруда.

Өткен жылға қарағанда қала ауасының ластану деңгейі 2,6 мың тоннаға азайған.

Қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметтерінше, ағымдағы жылы наурыз айындағы ауа ластанудың  көрсеткіші   10,4-ті  (ИЗА5)  құрайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш – 12,1 болса, 2009 жылы наурыз айында – 13, 6-ны көрсеткен болатын.  Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ИЗА 5 – 10,9-ды құраса, өткен 2010 жылы дәл осы мерзімде бұл көрсеткіш – 13,3-ті көрсеткен, ал 2009 жылы ауаның ластануы 13,5  құраған.

«Жақсару, ауа ластануының азаюы автокөліктерге  техникалық тексерулер мен бақылаулардың күшейтілгендігінің арқасында, сонымен қатар жағармайдың сапалы болуын қадағалаудың, көліктердің газбен жүру жаңа бағдарламасының енгізілуінің және тағы да басқа шаралардың арқасында  болып отыр. Қазіргі уақытта жылу беретін кәсіпорындар газ қазандықтарынан мазутқа, ал жер үйлер көмірден газға көшуде. Ол жағдайлар да ауа ластануын кемітуде. Мәселен, 2010 жылы 64 шақырым газ құбырлары тартылып, 20 мың жер үйлерге газ берілді»,-  дейді басқарма мамандары.

Бүгінде қала ауасының ластануының төмендеуіне бірінші кезектегі шығыс айналма жолының енгізілуі де үлкен рөл атқарып отыр, сонымен қатар, күрделі және орташа жүргізілген жол жөндеу жұмыстары да ықпал етуде.

Яндекс.Метрика