Home » "Коммунист Казахстана" » Алматы облысында дүниеге келген үшемге үй берілді

Алматы облысында дүниеге келген үшемге үй берілді

Алматы облысы Талғар ауылындағы Тоқтаровтар әулетінде үлкен той. Өткен жылы осы әулеттің келіні Әлия үшем қыздарды дүниеге әкеліп, облыс әкімшілігі көп жылдар бойы үйсіз жүрген көпбалалы отбасына екі қабатты үйдің кілтін табыстады.

Тоқтаровтар үшін толқулы сәт. Құны 6 жарым млн теңге тұратын 2 қабатты үйдің кілтін Талғар ауданының әкімі отбасына арнайы келіп салтанатты түрде табыс етті. Ұзақ жылдар баспананың зардабын тартып, әбден қиналып кеткен көпбалалы отбасы үшін бүгінгі күн көрген түстей. Ал үшем дүниеге келгенде абдырап қалған әжесі «тентіреп, енді кімнің есігін сығалар екенбіз» деп көңілі жүдеген.

Бірақ, ауыл әкімі үйсіз сандалған отбасының бұл жағдайына бейжай қарап отыра алмады. Мәселені тиісті орындарға жеткізіп, облыс, аудан басшылығы көмекке келді. Сөйтіп, Айдар мен Әлияның үш тұңғыш қыздары – үшемнің дүниеге келу құрметіне зәулім үй сыйлады.

Әлия Тоқтарова, үшемнің анасы:
– Құт болып келді. Алладан келген қыздарымның несібесі. Бақ келді бізге. Төбеме шаңырақ сыйлады.

Яндекс.Метрика