Home » "Коммунист Казахстана" » Алматы облысында тәртіпсіздіктер басталды

Алматы облысында тәртіпсіздіктер басталды

Жер дауы полиция мен тұрғындардың қақтығысына ұласты.

Алматының маңындағы “Думан-2” ауылында бос жатқан жерді басып алмақ болған тұрғындар полициямен қақтығысып қалды.

Дүйсенбі, мамырдың 2-сі күні түстен кейін Алматы–Талғар жолының бойында, “Меркурград” тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы орналасқан “Думан-2” ауылының тұрғындары “бос жатқан жерді” үй салу үшін өздеріне беруді талап етіп, тағы да жиналды. Бірақ оларды қамалап тұрған полиция қызметкерлері белсенділік танытқан адамдарды қол-аяқтарынан сүйреп апарып, полиция автобустарына қамап жатты.

Бұл оқиға мамырдың 1-інде басталған еді. Оқиғаға куә тұрғындардың айтуынша, екі мыңдай адам “Думан-2” ауылына жапсарлас жатқан, Алматы облысына тиесілі жерді басып алмақ болған. Тәртіпке шақырмақ болған арнайы жасақ пен тұрғындар алғаш кеше кешке таман қақтығысқан. Оқиға орнына келген Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов “мәселені ертең шешеміз” деген уәде берген.

Ақтауда металлургтер наразылыққа шықты

Яндекс.Метрика