Home » "Коммунист Казахстана" » Алматы облысының Маловодное селосында жер сілкінісінен 28 үй зардап шегіп, оның тұрғындары киіз үйлер мен палаткаларға көшірілді

Алматы облысының Маловодное селосында жер сілкінісінен 28 үй зардап шегіп, оның тұрғындары киіз үйлер мен палаткаларға көшірілді

Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апат пен төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардаптарын жою жөніндегі облыстық басқарма бастығы Сергей Салагаевтың айтуынша, 2-ші мамырда ауылға барған облыс әкімінің орынбасары Амандық Баталов бастаған комиссия, жер сілкінісінен соң Островский атындағы көпқабатты мектептің қабат аралығындағы жапқыштарда сызат пайда болғаны анықтады.

«Сондай-ақ бұдан сәл бұрын тасқын су астында қалған 28 үйдің техникалық жағдайы нашарлапты. Бұл нысандардың барлығы жөндеуді қажет етеді», – деді С. Салагаев.

Басқарма бастығының мәліметтерінше, сол күні жергілікті билік күшімен зардап шеккен үйлердің аулаларында 22 киіз үй тігіліп, 8 вагон қойылыпты. Тұрғындар осы жайларда жөндеу жұмыстары аяқталғанша тұратын болады. Оған қосымша 24 аумақты палаткалар бөлінді. 3 отбасы жатақханаға көшірілді.

«Апатты үйллерде тұратындардың жалпы саны 143 адам, олардың 75-сі балалар», – деді С. Салагаев. Оның айтуынша жер сілкінісі тұрғындардың жеке мүліктеріне ешқандай зардап тигізбеген. Тұрғындар жөндеу жұмыстары аяқталған соң, үйлеріне қайта қоныстануларына болады.

Яндекс.Метрика