Home » "Коммунист Казахстана" » Қан – тіршілік тірегі

Қан – тіршілік тірегі

Атырау

Қан – тіршілік тірегі. Осындай ұранмен Қазақстан Коммунистік Халық партиясы бастаған республикалық акцияға Лениннің атыраулық ізбасарлары да үн қосты.

17-қараша күні ҚКХП Атырау облыстық комитетінің ұйымдастыруымен жас комсомолдар бастап, қарапайым жұмысшылар қостаған топ Атырау облыстық қан орталығына келіп, өз еріктерімен қан тапсырды.

«Бұл акцияның маңыздылығы өте зор. Себебі жер бетінде қаншама адам өмірлік қажеттіліктеріне байланысты қан тапшылығынан зардап шегіп жатады. Оның ішінде жас балалар да бар. Оларға осындай шаралардың көмегі орасан. Бірінші кезекте, өз еріктерімен адамдарға көмек көрсету үшін қан тапсырушы азаматтарға алғыс айтқым келеді. Оның үстіне қан қазір сатылып жатыр. Ал, сіз бен біз тапсырған қан донорды сатып алуға жағдайы келмейтін, нағыз мұқтаж жанға көмектесуі мүмкін» дейді жергілікті комитеттің бірінші хатшысы Жәукен Көшенов.

Кызылорда

Қарашаның 17-ші жұлдызында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда обкомы «Өзгеге өмір сыйлайық» тақырыбында акция өткізді. Қала тұрғындары өз еріктерімен донор болуға келісімін беріп, іс-шараға белсене қатысты.

Өз қанын өзгенін өмірін құтқару үшін беруге көп адам талпынғанымен, оның ішінде жасы әлі 18-ге толмағаны мен гемоглобині тым төмендері де кездесіп жатты, алайда адамдардың осындай талпынысына медицина қызметкерлері де біз де дән риза болдық. 50-ге жуық адам қатысқан іс-шараның нәтижесінде әр-түрлі топтағы қан сұйықтығы жиналып, оның ішінде сирек кездесетін топтары да болды. Бұл дәрігерлер қауымын қатты қуантты, дер кезінде табылмай қалған қанның кесірінен адамдар дүние салып жатқанын айтты. Әр қан беруші азаматқа сыйлық және бір күндік анықтама қағазы берілді.

Яндекс.Метрика