Home » "Коммунист Казахстана", № 27//19.07.2013 » Қанды қол қарақшылар жазасын алды

Қанды қол қарақшылар жазасын алды

Алматыда мамандандырылған ауданаралық соты «қандықол риэлторларға» сот үкімімен темір торға тоғытылды. Топ басшысы өмір бойы бас бостандығынан айырылса, сыбайластарына 3-22 жылға дейін түрмеде отырмақ. Бұл ұйымдасқан қылмыстық топ жалғызбасты адамдарды өлтіріп, пәтерлеріне алып, сатып пайда тапқан. Қан құйлы қылмыскерлер арам ниеттерін 6 жылдан бері  жүзеге асырып келіпті. Айта кету керек, олар былтыр қолға түскен. Тергеу бір жылға созылды. Осы уақыт ішінде «қандықол риэлтерлердің» барлық қылмысы дәлелденген.

Қылмыстық топтың серкесі – Сергей Смирнов. Ол әрбір қылмысты егжей-тегжейлі жоспарлап, жымысқа ойларын іске асырауды тікелей басқарып отырған. Тергеу барысында құрбандарын қай жерге көмгенін көрсетіп берді. Жалғызбасты қыз-келіншектермен некеге тұрып, артынша өлтіріп отырған. Ал сұраушысы жоқ қарияларды шыбын құрлы көрмей дереу о дүниеге аттандырған. Алты жыл ішінде тоғыз адамды өлтірсе, соның алтауының ғана мүрдесі табылған.

Қылмыстық топтың құрамы да әртүрлі. Жалпы, саны 6 адам. Оның екеуі келіншек, төртеуі жігіттер. Әйелдер жалғыз басты ер азаматтарға опық жегіссе, жігіттері қыз келіншектерді нысанаға алған. Баскесерлердің басшысы – жасы алпысты алқымдаған адам. Қылмыстары жайында құқық қорғау органдарына айтып қояды деп күдіктеніп, сыбайлас әйелдерін өздері бөлшектеп өлтірген.

Санжар Арысов, Алматы

Яндекс.Метрика