Home » "Коммунист Казахстана" » Ардагерлер Байқоңыр космодромына Қонаевтың есімін беруді ұсынды

Ардагерлер Байқоңыр космодромына Қонаевтың есімін беруді ұсынды

Байқоңыр космодромының Ардагерлер кеңесі ғарыш айлағына Д.Қонаевтың есімін беру туралы ұсыныс жасауда.

12 сәуірде тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа көтерілгеніне 50 жыл толуына арналған іс-шаралар өтеді.

Бұл Алматыда Д.Қонаев мұражайы ұйымдастырған “Байқоңыр – Қазақстанның ғарыштық аймағы” деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды.

“Мені жоғары инженерлік училищеден кейін әскери қызметімді жалғастыру үшін 1962 жылы Байқоңыр ғарыш айлағына жолдамамен жіберді. Ол кезде Байқоңыр Ленинск кенті деп аталатын. Одан бұрынғы атауы Тәшкент-400. Онда 1985 жылға дейін жұмыс жасадым”, дейді Виктор Никулин.

Әскери қызметін аяқтағаннан кейін Алматыға келген ол Байқоңыр космодромы ардагерлерінің кеңесін құруға атсалысқан еді.

“Біз енді 9 сәуір күні Байқоңыр космодромына аттанғалы отырмыз. Онда ғарышқа алғашқы ғарышкердің ұшуына 50 жыл толуына орай іс-шаралар өтеді. Онда Белорус, Ресей, Украинада тұратын Байқоңыр ғарыш айлағының өзге ардагерлерімен кездесеміз. Ардагерлер кеңесі өзара ақылдасып Байқоңыр ғарыш айлағына Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімін беруді ұсынып отырмыз”, деген Виктор Тимофеевич бұл бастама жұртшылық тарапынан да қолдау табатынына сенімі зор.

Қазақстанның өркенденуіне өлшеусіз үлкен үлес белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Д. Қонаевтың туғанына 2012 жылы 100 жыл толмақ.

Яндекс.Метрика