Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » АРДАГЕРЛЕРІМІЗ – АРДАҚТЫЛАРЫМЫЗ

АРДАГЕРЛЕРІМІЗ – АРДАҚТЫЛАРЫМЫЗ

17 қазан күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетімен бірігіп, Қалалық білім бөлімі «Тимуршылар» қозғалысын жандандырып, жағдайлары нашар, мүгедек қарияларға көмек көрсету мақсатында қала тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері Сәлімгерей Қарабаев қарияның үйін жинастырып, тазалық жұмыстарын жүргізіп қолдарымыздан келгенше жәрдем беру шарасын өткіздік. ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Ғұсманұлы Дәулетқазиев сөз сөйлеп, қаланың құрметті тұрғыны Сәлімгерей Қарабайұлын келе жатқан қала күні мерекесімен құттықтап, гүл шоғымен құрмет грамотасын табыстады. Партия атынан көмек ретінде азық-түлікпен сый-сыяпаттарын жасады. Жылдың аяғына дейін 50-ден аса қарттарымызды қамтитынымыз жоспарда бар,- деді сөз соңында Ерболат Дәулетқазиев. Қала күніне арнайы қала әкімі іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын, «Жас қолғанат» қозғалысы өзінің қаласын сүюге, Атырау қаласының тыл еңбек ардагерін, жалғыз ілікті зейнеткерлерді ұлығылау мақсатында Қазақстан Коммунистік Халық партиясымен бірге ұйымдастырып отырмыз,- дейді қалалық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Жолмұханова Жұмазия Бозайқызы. Бұл шараға №19 Қ.Сатпаев атындағы орта мектебінің директоры Айтбай Қарамурзин бастаған ұжым және 10 сынып оқушылары, Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты. Коммунист ардагеріміз Сәлімгерей Қарабайұлы жастарға аталық тілегін білдіріп, ақ батасын берді. Шара соңы оқушылар атынан Фатима Турниязова мен Алтынбек Тоқтабаевтардың мерекелік ән шашуларымен аяқталды.

 

 

Гүлжан Инжелова

Яндекс.Метрика