Home » "Коммунист Казахстана" » Қариялар алғысын жаудырды

Қариялар алғысын жаудырды

27 – қыркүйек күні Халықаралық қарттар күніне орай Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті мерекені атаусыз қалдырмай аз қамтылған отбасындағы қарияларды мерекелерімен құттықтап, үйлеріне барып сый-сыяпат жасап, құрмет көрсетті. Солардың бірі он үш жыл бойы өзінің өмірі мен қызметін адам денсаулығына арнаған ақ халатты абзал жан медбике қызметін атқарған, қазір зейнеткерлік жасына шыққан Кузеняткина Лидия Сергеевна. Қарттарымызды құрметтеу, олардың қажеттіліктеріне жарай білу, әрқашанда сыйлау – қоғамдағы жас ұрпақтың міндеті, борышы. Өскелең ұрпақтың кемеңгер ақылшысы – аталар мен әжелер үнемі көңіл бөлуді, назар аударуды, олармен тілдесіп отыруды қажет етеді.Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер, – дейді осы шараны ұйымдастырушысы Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің төрағасы бірінші хатшысы Ерболат Ғұсманұлы Дәулетқазиев.

Халқымыздың “Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет” немесе “Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді” деген секілді пәлсапалық мәні зор қағидаларының жасқа да, жасамысқа да бағдаршам іспеттес болуы соның жарқын айғағы. Мереке қарсаңында комсомал жастар қанатының лидері Дәулет Жанияров бастаған бір топ жаскоммунистер қариялардың үйлеріне барып қолдарынан келгенше барлық көмектерін аямайтындығын айтты. Кузеняткина Лидия Сергеевна бұндай мерекені атаусыз қалдырмай мені алғашқы болып құттықтап келген сіздерге дән ризамын. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің төрағасына және ұжымына ризашылығын білдіріп, көзіне еріксіз жас алды.

Халықаралық қарттар мерекесімен қоса Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті зейнеткерлік жастағы ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, 57 жыл ұстаздық қызмет арқарып келген Альчекенов Ахат есімді ардагер ұстазымыздың үйінде болып арнайы мерекеге дайындаған сыйлықтарды табыстады. Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздар күні – елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мереке. Себебі, Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей тәлімгерге байланысты.

Елбасының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық – техникалық базасын замануи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді. Оның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз.

Құрметті ұстаздар мен білім саласының ардагерлері! Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыстар, ізгі махаббат пен мейірім тілейміз!,-дейді. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Ғұсманұлы Дәулетқазиев.

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз,-дейді. Облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы, партиямыздың ардагері, Ахат Альчекеновтың бірге оқыған досы Манап Абдырахимов.

Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі қиындық пен қуанышқа толы. Бұл шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.

Гүлжан Инжелова

Атырау

Яндекс.Метрика