Home » Атырауский обком » Қариялар мен мүгедектер депутатпен кездесті

Қариялар мен мүгедектер депутатпен кездесті

8-ші шілде күні Атырауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Тұрсынбек Өмірзақов Қазенұлы іс-сапармен келді. Облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Манап  Абдрахимовтың  қолдауымен облыстық қарттар үйінде қарттармен және коммунист ардагерлермен, мүгедектер қоғамының мүшелерімен, студент жастармен болған кездесуінде алға қойған мақсаттарын айқындады. Іс-сапардың алғашқы кездесуін облыстық қарттар үйінен бастады.   Кездесудің барысында  Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің II-хатшысы Жұмажан Үмбетжанов сөз кезегін алып, келген қонағымызбен толығырақ таныстырып өтті.

Тұрсынбек Өмірзақов Қазенұлы 23-маусымда Астана қаласында өткен Қазақстан Коммунистік Халық партиясының VII сьезінде көптен бері ел көкейінде жүрген көптеген сауалдардың өз шешімін тапқандығын, жиын барысында жалпы ережелер мен қаулылар бір ауыздан қабылданып, алдағы жоспарлар тағы да бір мәрте айқындала түскендігін айтты.  Депутат елімізде қабылданып жатқан заңдардың жайына да тоқталды. Жақсы заңдар шығарылып, қабылданып жатқанымен оның орындалуын қадағалау жағы көңіл көншітпейтінін мәлімдеді. Жағдайлары орташа адамдарға көмек беріп солардың көкейтесті проблемаларын шешіп беруге тырысып жатырмыз. Бұл партия парламентке кірген партия болғандықтан біздің қолымыздан барлық істің келетіндігін атап өтті. Жер мәселесі, тұрғын үй мәселелері қозғалды. Депутатпен тікелей қауышып сауалдарына нақты жауаптарын ала білген  ардагерлер қарттар үйінің қариялары, мүгедектер қоғамының мүшелері дән риза болды. Жиын барысында кездесуге келген қатысушылар өз сауалдарын қойып жатты. Мәселен, Әбілғазиев Кенже зейнеткер қарттар үйінің тұрғыны тегін дәрі-дәрмек қарттарға таратылса деген  ұсынысын білдірді. Константин Кулагин Коммунистік Қазақстан Халық партиясының ардагер мүшесі,  еңбек және тыл ардагері, Құрманғазы ауданының құрметті азаматы еңбек ардагерлерінің зейнетақыларын көтерсе екен және заң түрінде барлық жағдай жасалып орындалса деген  өз сауалдарын қойды. Саттығұлов Қонысқали бірінші топтағы мүгедек осы жиынға арнайы келгендігін жеткізді  мүгедектерге үкіметтен еш қамқорлық жасалып жатқан жоқтығын айтты. Мүгедектердің зейнетақысы мөлшерін көмек ретінде  көбейтсе екен деген ұсынысын айтса, Жакупова Тыныш мүгедектер қоғамының мүшесі мүгедектерге арнайы Атырау жерінен мүгедектерге арналған үй салынса, демалыс орындары бар лагерь, санаторияларға жолдама берілсе екен деген ұсыныстарын білдірген болатын. Депутат жиындағы көптеген қатысушылардың сауалдарын тыңдап, бір қатарын шешіп беруге  тырысатындығын айтты. Депутаттың іс-сапары Жылой, Аққыстау аудандарының халқымен кездесумен жалғасады.

Гүлжан Инжелова

Яндекс.Метрика