Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » Қарияларды қуантып қайтты

Қарияларды қуантып қайтты

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалы Келе жатырған жаңа 2014 жыл мерекесіне арнап мерекелік шараны ұйымдастырды. Жаңа жылды асыға күтетін кішкентай жетім бүлдіршіндерге, мүгедектерге және алтын белгі үміткерлерінеаяз ата, ақша қармен бірге жаңа жылдық мерекелік бағдарлама ұсынылып, жаңа жылдық дайындалған сыйлықтар берілді.Халық коммунистері Жаңа жыл тұсында коммунистер облыс бойынша 70 – ке жуық бүлдіршінді қамтыды.

Алдыңда үлгі тұтар ақсақалың, артыңнан ерер ұлағатты ұланың болса асығыңның алшасынан түсеріне күман жоқ. Күннен – күнге көздің жауын алып келе жатқан біздің тал қаланың басты байлығы да осындай ардақ тұтар ақсақалдары. Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев бастаған ұжым ел дамуына үлес қосқан жасамыс игі жақсыларды айтып қарияларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

 Дәл осы мерекеге орай 30 желтоқсан күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалы Жаңа 2014 Жылқы жылы қарсаңында 1929 жылы Индер ауданы Зеленый ауылында дүниеге келген ұлы ұстаз, көп жыл бойы мектеп директоры болған, тыл ардагері Нұртазин Хасанғали Нұртазаұлын және жалғыз басты ана, зейнеткер Лидия Корневаны жаңа жыл мерекесімен үйіне арнайы сыйлықтармен барып құттықтап қайтты. Қариялар балаша мәз болып, халық коммунистеріне ризашылығын айтып, баталарын берді. Біздің қадірменді ата — әжелеріміздің кеудесі тұнған шежіре, тарих, дастан деуге болады. Солардың алуан түрлі қымбат қызықтарын, ертегілерін тыңдап өмірге қайта келгендей боласын. Осындай асыл әжелеріміз, ардақты аталарымыз ортамызда ақылшы болып, жөн сілтеп, қартаймай отыра берсе екен деп тілейміз! – деді. Ерболат Дәулетқазиев.

Қазақ халқында ақсақалды қарттарды,қарияларды – көптi көрген,ақыл тоқтаткан ел сыйлысы, қазынасы деп, қадiр тұтқан,қадiрлеген! Қандайда бiр дау-дамай туса, қандайда бiр iске ақыл-кеңес керек болса, осы қарияларға жүгiнген, олардың шешiмдерiне тоқтаған. Алысқа сапар шекседе, алдымен осы қариялардың алдынан өтiп, батасын алып аттанған. Сол кездегi аузы дуалы талай шешендер мен данышпан, данагөй қарттарымыздан қалган даналы сөздерi мен мәтелдерiнде қазiргi кезде ұмытпадық, ұмытпаймызда! Жылыстаған жылдармен жылжып есен-сау жүре берейік! Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа Жыл құтты болсын! Бауырымыз бүтін болсын, жақындарымыз аман жүрсін! 2014 жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай!

 

ҚКХП Атырау облыстық филиалының

баспасөз хатшысы

Гүлжан Инжелова

Яндекс.Метрика