Home » Партийная жизнь » Астана -2011 жыл. 22 желтоқсан 10-00.

Астана -2011 жыл. 22 желтоқсан 10-00.

Қазақстан Коммунистік Халық Партиясы

Баспасөз хабарламасы

Астана -2011 жыл. 22 желтоқсан 10-00.

Қазақстан Коммунистік Халық Партиясының үгіт насихат поезы жасақталып, ел аралауға шығады

2011 жылғы желтоқсанның 22 күні cағат 10-00 Қазақстан Коммунистік Халық Партиясының үгіт насихат поезы таныстырылады. Артынша құрамына ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Владислав Косарев, Жамбыл Ахметбеков, Борис Сорокин және Гаухар Нұғыманова кіретін үгіт насихат тобы халықпен кездесіп, партияның сайлауалды тұғырнамасы мен сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында Екібастұз-Павлодар – Семей-Өскемен бағытында жол тартады. Екібастұзда олар муниципалды базарды аралап, «Богатырь» разрезінде болады, «Вершина» ЖШС акт залында сайлаушылармен жүздесіп, үгіт насихат жұмысын жүргізеді. Ал, Павлодарда осы облысқа қарасты Қызылжар елді мекеніндегі құс фабрикасының жарты жылдан бері жалақыларын ала алмай, еріксіз ереуілге шығып жатқан жұмысшыларымен кездеседі. Келесі күні Қазақстан Коммунистік Халық Партиясының үгіт насихат керуені орталық комитетінің хатшысы Владислав Косаревтің бастауымен Семейге аттанады. Қалған хатшылар Астанаға оралады. Семейдің «Достық үйінде» Владислав Косарев халықпен жүздесіп, келесі күні Өскеменге барады. Бұл жерде Шемонайха, Бородулиха, Первомайский аудан орталықтарының тұрғындарымен қауышады. «Қазцинк» АҚ, «Үлбі метталургиялық зауыты» АҚ , Бұқтырма ГЭС -інің және цемент зауытының жұмысшыларымен кездесуі жоспарланған. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде өскемендіктермен , жүздеседі. Өскеменде Владислав Косаревке Алматыдан жеткен Галина Баймаханова мен Ирина Смирнова қосылып, олар облыстағы оқу ағарту саласының мамандарымен кездеседі. Бұнымен қоса, Астанадағы республикалық штабтан облыстарға аттанатын үгіт насихат поезымен қатар тағы бір үгіт насихат поезы өз сапарын бастайды. Партияның белгісі, қызыл түсті шарлармен безендірілген поезд Астананың басты көшелерімен жүріп, тұрғындарды дауыс үлкейткішпен Қазақстан Коммунистерінің Халық партиясына дауыс беруге үндейді.

Үгіт насихат тобы аттанатын жер:

Астана қ, Ш.Уәлиханов көшесі 9/2

ҚКХП Республикалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі

тел: 8(7172) 46-63-49

тел-факс: 8 (7172)20-18-06,

2012knpk@mail.ru

Яндекс.Метрика