Home » Партийная жизнь, Фракция "Народные коммунисты" » Астанада Халық коммунистері фракция мүшелері Қытай КП ОК делегациясын қабылдады

Астанада Халық коммунистері фракция мүшелері Қытай КП ОК делегациясын қабылдады

Жуырда Астанада Мәжіліс депутаттары,  «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері Ж.Ахметбеков, В.Косарев, А.Қоңыров Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің делегациясын қабылдады. Құрамында ҚКП ОК Партия мектебінің проректоры Ли Шулэй, ҚКП ОК ПМ теориялық зерттеулер бөлімінің бастығы Чжоу Вэйминь, ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия басқармасы директорының орынбасары Цянь Найчен және тағы да басқа құрметті қонақтар бар делегация қазақстандық коммунистер басшылығымен  кездесуге қызығушылық танытқан екен.

 

Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков кездесу барысында осы оқиға біздің халықтарымыздың достығын нығайтуға, партияаралық қарым- қатынастардың күшейуіне өз әсерін тигізеді деп ойлайтындығын жеткізді.

 

«2012 жылғы Парламент Мәжілісіне сайлауда Қазақстан халқы бізге өз сенімдерін көрсетті. Сондықтан біз қазір парламенттік партия болып табыламыз. Онда біздің 7 депутаттық мандатымыз бар. Осы 7 депутат-коммунист «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері болып табыламыз», – деді Ж.Ахметбеков.

 

«Таяуда біздің партия өз рәміздерін өзгертті. Бұл біздің партияның заман талаптарына жауап беретін ұйым екендігін білдіреді», – деді депутат.

 

Сосын ол құрметті қонақтарға Қазақстан Комунистік Халық партиясы туралы айтып берді. Бізге таяуда он жыл болады. Біздің қатарымызда жүз мыңдай мүше бар. Біздің ең басты мақсатымыз Қазақстан халқының бірлігін сақтау деді ол сөзінде.

 

«Жамбыл Ахметбеков Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының терең тарихи тамыры бар екендігін айтты. «Ал қазіргі кезеңдегі біздің ынтымақтастығымыз Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қарқынды дами бастады. Қазақстан Қытаймен қарым-қатынасына Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аясында үлкен мән береді. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымын сыртқы саясаттағы басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Осы ұйым аясында өтетін барлық іс-шараларға база назар аударады. Сондықтан соңғы екі онжылдықтағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы зор қарқынмен дамып келеді»,- деді.

 

«Осы кездесу сонымен қатар Қытай коммунистік партиясы мен Қазақстан комунистік халықтық партиясының арасындағы достықтың беки беруіне қызмет ететіндігіне сенемін», – деді Жамбыл Ахметбеков.

 

ҚКП ОК Партия мектебінің проректоры Ли Шулэй басқарған қытайлық делегация қазақстандық әріптестерін өз елінде болып жатқан өзгерістермен таныстырып, Қытай комунистік партиясының жасап жатқан қадамдарымен, елдегі, қоғамдағы жайттармен, болашақта жоспарланған  реформалар туралы айтып берді.

 

Аман Іргебай

 

Астана

 

20.12.2013ж. 

 

Яндекс.Метрика