Home » "Коммунист Казахстана" » Астанада кандидат Жамбыл Ахметбеков журналист қауымымен жүздесті

Астанада кандидат Жамбыл Ахметбеков журналист қауымымен жүздесті

Астана қаласындағы ұлттық пресс-клубында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков және ҚКХП Орталық Комитетінің хатшысы Владислав Косарев, Кандидаттың сенімді өкілдері Гаухар Нұғыманова, Борис Сорокин және республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Төлеш Кенжин журналист қауымымен кездесіп, сұхбат берді. Күн тәртібінде негізгі талқыға салынған сұрақтар, олар кандидат Ж. Ахметбековтың және оның сенімді өкілдерінің ел арасында жүргізген үгіт насихат науқанының нәтижесін қорытындылап, ел ішіндегі жағдайды паш етіп, анық көрсететін бұрын сонды болмаған «Қазақстан Республикасының Президентіне халықтың жолдауы» атты бейне таспаны жария ету. Кандидат елді аралап, жүздеген халықпен кездесіп, олардың хәл-мұқтажымен танысып, дағдарыстың толқыны халықты кедейлікке ұшыратып, тығырыққа әкелді, билікке деген, жарқын болашаққа деген сенімінен айырды, қарттар күнін санауда, жастар бағыт-бағдарсыз, қарапайым халық жоқшылықтың зардабын шегуде және бір айтары, ол халық бірауыз болып, ары қарай осындай жағдайда өмір сүруге болмайды деп қорытынды жасағанын айтты. Саяси реформалардың үнемділігі қажет,біздің халық үмітін ақтамауға, алдауға хақымыз жоқ деп Жамбыл Ахметбеков бірінші болып сөз сөйледі. Кейін сөйлеген Владислав Косарев, өзінің региондарды аралағанда жергілікті билік органдары туғызған қарама-қайшылықтарды атап өтіп, халықтың жалпы көңіл күйін айтып өтті. Келе жатқан сайлауда қандай орынға ие боласыз, үгіт насихат жүргізгенде қарама-қайшылықтар болды ма, құқықбұзушылық орын алды ма, ел аумағындағы барлық региондарды аралауға үлгердіңіз бе, президент болуға рухани дайынсыз ба  және басты қарсыласыңыз деп кімді көресіз деген сауалдарға кандидат және оның сенімді өкілдері жауап берді. Сонымен қатар, кандидат Жамбыл Ахметбеков өзінің қарсыластарын  тікелей эфирдегі мемлекеттік тілде пікір-сайысқа қатысуға шақырғанын жария қылды.  Халықтың санасын оятуға деп сенім артқан Коммунисттік халық партиясының атынан сайлау додасына түскен кандидаттың үміті ақталып, оңайға түспес мақсаты жүзеге аспақ демекпіз.

Н.Макажан

Яндекс.Метрика