Home » Партийная жизнь » Астанада Жер ресурстарын басқару агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

Астанада Жер ресурстарын басқару агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

Бүгін Астанада Премьер-министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметовтың қатысуымен жер ресурстарын басқару агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Отырыста өткен жылдардағы істер қортындыланып, алға қойылған міндеттер тағы бір рет пысықталды. 2011 жылы өңіраралық жер инспекциялары жер заңнамасының сақталуына байланысты 6,5 мыңнан астам тексеріс жүргізген. 3830 заң бұзышылық анықталып, оның 2681 жойылды. Агенттік төрағасы мемлекеттік инспекторлардың автокөлікпен және жаңа техникалық құралдармен жарақтандыруға қатысты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, агенттіктің екі стратегиялық бағытының бірін жүзеге асыру шеңберінде геодезия және картография саласында 2011 жылы мемлекеттік топографиялық карталарды жаңарту үшін Көкшетау қаласының, Шардара су қоймасының және Арнасай су бөгетінің аумағында бірқатар іс шаралар жүргізілгені айтылды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметов отырыста ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің жартысынан астамы Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарының аумағында екендігін атап өтіп, Ауыл шаруашылығы министрлігі және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, аталған жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша шараларды талқылауы қажет», – деді. Өйткені өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бойынша бағдарламаны әзірлеуде. Сондай-ақ Серік Ахметов, жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жерлерге тексеру жүргізу керек екенін ескертті. Елді-мекендердегі тұрғын үй құрылысына бөлінген жерлерде үйлер салынғанмен олардағы баспаналардың тек 20 пайызында ғана адамдар тұрады. Ал қалған 80 пайызы су, электр энергиясы болмағандықтан пайдаланылмай жатыр. Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары: -Егер жер телімін берер болсақ, онда инфрақұрылымын ретке келтіріп берейік немесе екі жылдың ішінде жерді игеру туралы мәселені төтесінен қою керек. Қала немесе аудан әкімі осы уақыт аралығында аталған учаскелерді инфрақұрылыммен қамтамасыз етсін. Осы жылдан бастап біз бұл мәселені қатаң бақылауға алатын боламыз.

Пресс-служба ЦК КНПК

Яндекс.Метрика