Home » "Коммунист Казахстана" » Атырау коммунистері өз жұмыстарын қорытындылады!

Атырау коммунистері өз жұмыстарын қорытындылады!

11 қазан 2010 жылы

ҚКХП-ның Атырау
облыстық комитетінің
ақпарат қызметі

Облыс орталығы Атырау қаласында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы облыстық ұйымының V – есеп беру сайлау конференциясы болып өтті. Оған Қазақстан Халықтық Коммунистік партиясы Орталық комитетінің В.Б. Косарев және Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары О. Қасымов қатысып отырды.
Делегаттар партия конференциясының төралқасын, тергеу, мандат комиссияларын және хатшылығын сайлады.
Бұдан кейін жиналғандар алдында Қазақстан халықтық коммунистік партиясы облыстық ұйымының 1- ші хатшысы Ж.Х. Көшенов «Облыс партия ұйымындағы соңғы 2-жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы» баяндама жасады.
Баяндамада облыс көлемінде партия қатары да, бастауыш ұйымдарының саны да біршама өсіп, коммунистер саны 2500 – ге жетіп, бастауыш партия ұйымдары жүзден асты.
Қала мен жеті аудан бойынша бұл ұйымдар облыстық ұйымның негізгі тірегі болып келеді.
Бұл өткен екі жылда кейбір жайлар туралы облыс әкімінің алдына да арнайы мәселелер ұсынылып, олардың дер уақытында ойдағыдай орындалуына қол жеткізілген.
Сондай мәселелердің бірі Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың атына көше атауын беру және қаламыздың бір көрікті жеріне оның ескерткіш бюстін орнату жөніндегі бастамалар өз қолдауын тапқан.
Баяндамада айтылған мәселелер экранда ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мултимедиялық слайдтармен ілесе көрсетіліп отырылды. Мәселен, конференция делегаттары соңғы 2-жылда атқарылған жұмыстар мен қатар облыста комсомолдың құрылуы, И.В. Сталиннің 130 жылдығы, В.И. Лениннің 140 жылдығы, Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арналған шаралар, спорт жарыстары т.б көрсетілді.
Конференцияда сөйлеген делегаттар баяндамашыны қуаттай отырып, облыс бойынша партияда атқарылған жұмыстарға «қанағаттанарлық» деген баға берді. Мәселен, Махамбет ауданынан келген делегат Жанабаев Мақсот аудандағы тамшылатып суару әдісінің кең қанат жая бастағанын, соның бір дәлелі 120 гектар аймаққа осындай әдіспен жеміс ағаштарын өсіру қолға алынып отырғандығын айтса, Жылой ауданының делегаты Әсем Таукенова биылғы жылы соғыс және еңбек ардагерлеріне көрсетіліп отырған қамқорлықтың кеңейе түскенін үлкен қанағаттанарлықпен атап өтті.
Құрманғазы ауданынан келген делегат Қадырбай Жармуханбетов партия ұйымының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын нығайтудағы ұмтылысын құптады. Бұл істі одан әрі де жақсарта беру қажет деген тілегін білдірді ол.
Партияның байырғы ардагерлерінің бірі В.Я.Кулагин Еділ мен Жайық суларының бірден – бірге тартылып бара жатқанына жанының ауыратынын айтты.
Конференцияда Қазақстан Халықтық Коммунистік партиясы комитетінің хатшысы В.Б. Косарев сөз сөйледі. Ол, әсіресе, жастар тәрбиесіне көңіл бөлді. Сонымен қатар, ол еңбек адамдарын ұлықтау, халықты қолдап, қорғауды қолға алу мәселесін партия ұйымының үнемі естен шығармайтын бір міндеті болуы тиіс екенін әдейі атап көрсетті.
Партия ардагерлері Ж.Бахитовқа, Ж.Жұбаеваға партия қызметіне аса жігерлілікпен қатынасқандары үшін алғыс хат беріліп, сыйлықтар табыс етілді.
Конференция өз жұмысы туралы тиісті қаулы алып, облыстық ұйымның жаңа құрамын сайлады.
Облыстық комитеттің бірінші пленумында облыстық ұйымының 1-хатшысы болып Жаукен Көшенов, хатшылар Манап Абдрахимов, Гүлзада Айтимбетовалар сайланды.

Яндекс.Метрика