Home » "Коммунист Казахстана" » Атырау облыстық комитетінің ІІ-ші Пленумы

Атырау облыстық комитетінің ІІ-ші Пленумы

13-қазан күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің ІІ-ші пленумы болып өтті. Қазақстан Коммунистік Халық партиясының VIII-есеп беру баяндамасында осы партиямыздың Орталық Комитетінің хатшысы Владислав Борисович Косарев өз сөзінде коммунистік партияның құрылуы мен оның атқарып жатырған ісінің дұрыс екенін уақыт өзі анықтап бергенін айтқан болатын. Пленумге облыстық партия комитетінің 11 мүшесі қатысып отырды.

Күн тəртібіндегі мəселелер бойынша ҚКХП Атырау облыстық комитетнің бірінші хатшысы Ерболат Дəулетқазиев Ғұсманұлы 4-5 ай ішінде жүргізілген жұмыстарға тоқталып, ІІІ – квартал ішіндегі атқарылған қызметтер туралы баян-

дама жасады. Соның ішінде қазан айында облыс əкімінің арнайы шақыртуымен кездескен

сəт турасында жəне халыққа қол ұшын беріп, көмектесу мəселесі туралы қозғады.

Пленум барысында Жылыой аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Əсем

Тəукенованың есептік баяндамасы тыңдалды. Біз əлеуметтік тұрғыдан орғалмағандардың,

жұмыссыздардың, зейнеткерлердің жəне мүгедектердің құқығын қорғаушы халықтық пар-

тиямыз – деді, есеп беру баяндамасында Əсем Тəукенова. Қызылқоға аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Мысырғали Берденовтың баяндамасы ұсынылды. Күні бүгінге аудандық комитет коммунистер қатарын жаңа адамдармен толықтыру, оның ішінде партия қатарына жас, белсенді жастарды тарту бағытында көптеген

ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде, – деді сөз соңында Мысырғали Берденов.

Ауданнан келген хатшылардың баяндамасы тыңдалған соң, Атырау облыстық бақылау

комиссиясының төрағасы Жəукен Қайырлыұлы Көшеновқа сөз кезегі берілді.

ҚКХП Атырау облыстық комитетінің екінші хатшысы Үмбетжанов Жұмажан Серікбайұлы «Қаладағы қоғамдық көлікте жүруді тегін ету керек» деген ұсыныспен келісесіз бе?» деген ҮНДЕУ тастады. Егер қаладағы қоғамдық көліктерде зейнеткерлерді тегін тасымалдауға қол жеткізсек, бұл Атырау зейнеткерлері үшін үлкен көмек болар еді. Қоғамдық көлікте зейнеткерлердің тегін жүруін қамтамасыз ете алсақ, олардың əлеуметтік жағдайының жақсаруына да жағдай жасар едік. Сондықтан Біз, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті бұл бастаманы қолдаймыз.

Комсомол жастар қанатының мүшесі Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжінің студенті Жаңылсын Мағзом «Діни экстремизмнің алдына алу өмір талабы» деген тақырыпта баяндамасын талқылады. Пленум соңында комсомол қатарына бес студент қабылдады. ҚКХП Атырау облыстық комитетінің II-пленуміне «Қазақстан-Атырау» облыстық телеарнасы, «Ақ Жайық», «Атырау» газеттерінің тілшілері жəне колледждердің белсенді студенттерімен алпысқа жуық қатысушылар қатысты.

Гүлжан Инжелова

Атырау

Яндекс.Метрика