Home » "Коммунист Казахстана" » Атырауда жаңа туған нәрестеге арналып бір түп ағаш егіледі

Атырауда жаңа туған нәрестеге арналып бір түп ағаш егіледі

Атырау облыстық перзентханасында «Жаңа өмір – жаңа ағаш» деген атпен отбасылық дәстүр қалыптасқан. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып 20 түп ағаш отырғызу акциясы кезінде өзгеше бастауалған бұл үрдіс енді игі істерге ұласпақ. Себебі, осы перзентханада дүниеге келген әр сәбидің ата-анасы ғимарат ауласына бір түп ағаш егетін болады. Бүгінгі акция кезінде перзентхана аумағында жаңа аллея ашылып, гүл егілетін алаңдар салынды.

Бір күнде жүз жылдық шаруа түгенделді деуге болады. Мұндай дәстүр атам қазақ айтқан: «Үй сал, тал ек, перзент өсір», – деген нақылды осы жолы толығымен ақтағандай. Өйткені, бүгін мұнда 1 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды. Ол ертеңгі күні әсем баққа айналмақ. Ал Атырау облыстық перзентханасында жылына 10 мыңға жуық сәби жарық дүние есігін ашатынын есепке алсақ келесі жылдың өзінде осы дәстүрдің арқасында қаншама мың жасыл желек отырғызылатындығын бағамдай беруге болады.

Яндекс.Метрика