Home » Атырауский обком » Ауыл өркендесе – мемлекет те өркендейді

Ауыл өркендесе – мемлекет те өркендейді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов Қазенұлы Атырау облысындағы үш күндік іс-сапарын Махамбет ауданының ел-жұртымен кездесуімен қорытындылады. Кездесу Махамбет ауданы әкімінің мәжіліс залында өткізілді. Бұл кездесуді аудан әкімі Зинуллин Өмірзақ Зинуллаұлы ашып берді. Депутат аудан сайлаушыларымен кездесіп, алға қойылған жоспарлармен парламенттің атқарған жұмыстарын талқылап таныстырды. Ел экономикасының дамуында ауыл шаруашылығының алатын орны ерекше екені белгілі. Коммунистер елдің игілігі үшін бар күштерін салып, ауыл шаруашылығының проблемаларына  басты назар қойып отыр.  Тұрсынбек Өмірзақов депутаттық сауалнамасында жалақысы төмен жұмысшылардан, яғни жалақының ең төменгі көрсеткіші 15тен төмен болса, салық салынбауын керектігін айтып, осы мәселені парламентте көтергенін айтты. Депутат іс-сапар кезінде Атырау обылысы бойынша Исатай ауданы Аққыстау селосы, Махамбет ауданы Сарайшық селосының ел-жұртымен тікелей қауышқан еді. Ауылдағы жағдайды халық арасындағы болып жатқан проблемалардың барлығын тыңдады. Бұл проблемалы тақырыптардың  шешілусіз қалмайтындығын коммунист депутат уәде  етті.

Гүлжан ИНЖЕЛОВА

Яндекс.Метрика