Home » "Коммунист Казахстана" » Ауыл өркендесе – мемлекетте өркендейді

Ауыл өркендесе – мемлекетте өркендейді

Атырауға арнайы Астанадан іс-сапарамен келген мәжіліс депутаты, экономика ғылымдарының докторы қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Тұрсынбек Өмірзақов Атырау облыстық ауруханасының залында медицина саласының тәжірибелі мамандарымен, болашақ дәрігерлермен жүздесті.

М.Монтель айтқандай: «Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жүгерді, не еңбекті, тіпті, барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлігін де қиюға болады. Денсаулықсыз өмір – қызықсыз әлем деп есептеймін» деген екен. Депутат ақ қалатты абзал жандардың ой-пікірлерін тыңдады. Мыңдаған кесел мен дерт «тонын айналдырып», сан құбылып, жүз өзгеріп адамзаттың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп жатқан қазіргі уақытта дәрігерден терең білімділікті, сезімталдықты, аңғаруы мен түйсігі мол болуды талап етіледі. Депутат жиын үстінде осындай проблема төңірегінеде тоқталып өтті. Адам денсаулығы, адам өмірі дәрігерлердің қолында. Дәрігерлер мықты маман иелері болса бұндай жағдайда сырқат денсаулығына, өміріне қауіп бұлты қоюлана түсетіні мәлім сондықтанда жамандықтың келеріне төтеп бере алатыны сөзсіз. Медицина қызметкерлерінің жалақысы төмен оған дәрігерлердің көңілі толмайтындығы жайлы ұсыныстармен тақырыптарда болды.

Осыдан кейін Тұрсынбек Өмірзақов Исатай ауданы Аққыстау селосының жұртшылығымен кездесуге жол тартты. Ауыл тұрғындарымен тікелей жүздесуге Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің екінші хатшысы Жұмажан Үмбетжанов мен үшінші хатшысы Элеонора Жұмағазы қатысты. Кездесу барысында қоғамдағы ел экономикасы жайында әңгіме қозғалды. Елдегі стратегиялық мәселелерге тоқталды. Парламентке биыл кірген үш партияның жұмысы алға қарай жүріп келе жатырғандығы туралы да айтылды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына да қысқаша тоқталып өтті. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы халықтың елдің қамын ойлап, елдің проблемаларын шешіп солардың жақсаруына белсенді жұмыс атқарып келе жатырған партияның бірі. Парламентте заңдардың көпшілігі қабылданып жатыр. Кездесудің барысында жер мәселесі, жемқорлыққа қарсы күрес жайында айтылды. Коммунистер Ауыл шаруашылығының көркеюі, ауыл халқының тұрмыс тіршілігінің жақсаруы, ауылдағы кәсіп орындардың дамуы біздің партияның басты мақсатына айналып отыр. Қаладан тұрғын үй мәселесінің несие алу жағдайына тоқталып, үкіметтен жағдай жасалуы керектігін нақты тоқталды. Ауыл жастарын жоғары білім алып, «Болашақ» бағдарламасының тегін шетелге барып оқуға жағдай жасау керектігіне де басты назар аударып отыр. Коммунистердің мақсаты – партияның жұмысын алға қарай жақсартып, қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсарту. Залға жиналған ауыл жұртының өтініштері мен сауалдары депутаттарға ұсынылды. Коммунистердің бастамасыменен жайылымдық жерлер туралы және өзіндік қосалқы

шаруашылық заң жобалары дайындалып жатыр. Халықтың қойған сауалдарына толықтай жауап берілді. Тұрсынбек Қазенұлына бір қатар ұсыныстар түсті. Солардың бірі Исатай ауданының Аққыстау селосының тұрғындары көп балалы ана Жақсығұлова Гүлбану және Ибрайымова Әлфара мекемелерге жұмысқа орналаса алмай жүргендіктерін, отбасыларының жағдайларының төмендігін айтып, коммунистерден үлкен көмек сұрады. Бұл жиыннан кейін Тұрсынбек Қазенұлы Атырау қаласының облыстық Қазақстан – Атырау телеарнасының «Әлеумет» бағдарламасына тікелей эфирден сұхбат берді.

Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов Қазенұлы Атырау облысындағы үш күндік іс-сапарын Махамбет ауданының ел-жұртымен кездесуімен қортындылады. Депутат аудан сайлаушыларымен кездесіп, алға қойылған жоспарлармен парламенттің атқарған жұмыстарын талқылап таныстырды. Тұрсынбек Өмірзақов депутаттық сауалнамасында жалақысы төмен жұмысшылардан, яғни жалақының ең төменгі көрсеткіші 15тен төмен болса, салық салынбауын керектігін айтып, осы мәселені парламетте көтергенін айтты. Депутат іс-сапар кезінде Атырау обылысы бойынша Исатай ауданы Аққыстау селосы, Махамбет ауданы Сарайшық селосының ел-жұртымен тікелей қауышқан еді. Ауылдағы жағдайды халық арасындағы болып жатырған проблемалардың барлығын тыңдады. Бұл проблемалы тақырыптардың шешілусіз қалмайтындығын коммунист депутат уәдесін етті.

Гүлжан ИНЖЕЛОВА

Атырау

Яндекс.Метрика