Home » "Коммунист Казахстана" » Қазақ есімдерін дұрыс жазудың жаңа үлгісі ұсынылуда

Қазақ есімдерін дұрыс жазудың жаңа үлгісі ұсынылуда

Қазақ есімдерін дұрыс жазудың жаңа үлгісі ұсынылуда. Оған сәйкес, қазақ азаматтарының төлқұжаттары қосымша -ов, -ев, -вич және -вна жұрнақтарынан біржола айырылатын болады.Сондай-ақ азаматтардың аты-жөні толық қазақ әріптерімен басылуы тиіс. Тіл мамандарының бастамасымен қолға алынып жатқан шара егер заң тұрғысынан қабылданса, келер жылдың басынан бастап толық жүзеге асырылуы мүмкін.

28 жастағы Ернұр Орнықбайұлы -ов, -ев, -вич пен –вна сынды қосымша жұрнақтардың аты-жөнінен алып тастауды қос қолдап жақтайтындардың бірі. Бүгін Халыққа қызмет көрсету орталығына келуінің де себебі осы.

Кенжетай Күркебаев, Филология ғылымдарының қандидаты, доцент:

-Тәуелсіз ел атанған тұста өз атымызды қазақиландыруға құқымыз бар шығар. –Ов, -ев-ті алып тастап, «ұлы», «қызы» деген дұрыс деп білеміз.

Десе де төлқұжаттағы қазақ есімдерін бірізділікке түсіру мақсатында лингвистердің ұсынып отырған үлгісі екеу. Біріншісі- атыңыз бен әкеңіздің ғана есімін алуға болады. Екіншісі- тегіңіз, атыңыз және әкеңіздің атына «қызы» немесе «ұлы» деген қосымша жалғанады. Алайда бірінші үлгі дәл сіздің есіміңіз тәрізді адамдардың кездеспесіне кепіл бермейді.

Яндекс.Метрика