Home » Партийная жизнь » Қазақстан Коммунистік Халық партиясының барлық облыстық комитеттеріне

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының барлық облыстық комитеттеріне

Құрметті жолдастар!

Бүгінде ауылдық жерлерде әдеттен тыс жағдай туындап отыр. Республиканы 80 пайыз етпен қамтамасыз ететін шаруалар мал бағуға байланысты үлкен мәселеге тап болды. Елді-мекендердің айналасындағы жерлер егінге берілген, сондықтан бұл жерлерде малдың жайылуы – заңсыз деп есептеледі.

Қазақстан Республикасының «Жеке қосалқы шаруашылық» Заңының жобасын талқылау шеңберінде, ҚР Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінде ауылдық жерлердегі жайылымдар мен жайылымдық инфрақұрылым нысандарының (жолдар, көпірлер, суат жерлер, қой қоралары) айналасындағы келелі жағдайлар туралы мәселелеріне коммунистер қолдау көрсетті. Аграрлық мәселелер Комитетінің төрағасы Р.Мадинов «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының жобасын зерттеп, дайындау бойынша қызмет тобының құрылуын тапсырды.

Осы орайда, 2012 жылдың 01 мамыр күніне дейінгі мерзімде ауыл тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізіп, аграрлық мәселелер комитетінде қарастырылып жатқан «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының жобасын әзірлеу жұмыс тобына жинақталған ақпаратты топтастырып ұсыну.

Төменде көрсетілген сұрақтар бойынша Сіздің көз-қарасыңыз және пікіріңіз қызықтырады:

1. Жеке меншік құқығы және жайылымдық жерлердің шекарасын айқындау.

2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жайылымдық жерлерге қатысты өкілдігі.

3. Жайылымдық жерлерді пайдаланудың жыл сайынғы жоспары.

4. Жайылымдық жерлерге қатысты жер салығын өндіріп алу.

5. Жайылымдық жерлерді пайдалану үшін ақы тағайындау.

6. Жайылымдық жерлерді қолданғаннан түскен қаражатты пайдалану.

7. Жайылымдық жерлерді қолдануға рұқсатнаманы алу және ауыстыру тәртібі. Рұқсатнаманың мемлекеттік тіркеуі.

8. Жайылымдық жерлерді пайдаланатын шетелдіктер.

9. Жайылымдық жерлерді реттейтін, мемлекеттік уәкілетті орган.

Ұсыныстарыңызды төменде көрсетілген электронды поштаға жөңелтуіңізді өтінеміз: Konurov@parlam.kz, 1972.11@mail.ru

Құрметпен, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының атынан Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Айқын Қоныров.

Яндекс.Метрика