Home » "Коммунист Казахстана" » Қазақстанда 2015 жылы барлық елді-мекендер жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі

Қазақстанда 2015 жылы барлық елді-мекендер жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2015 жылға қарай Қазақстан жылдамдығы жоғары интернетпен 100% қамтамасыз етiледі, ал қолжетімділік жылдамдығы дамыған елдердiң деңгейiне жететiн болады. Мемлекет осы нақты міндетті телекоммуникациялық компаниялармен бірлесіп, әзірленген “Жол картасына” сәйкес, жоспарлы түрде іске асыруға ниет білдіруде.

Ведомства арнайы дайындалған “Жол картасы” бағдарламасы шеңберінде WiMax және FTTH, сондай-ақ CDMA-450, 3G және LTE технологияларын пайдалана отырып, ИКҚ (Интернетке кең жолақты қолжетімділік) дамытуға бағытталған бірқатар шаралар мен ісшаралар өткізу жоспарлануда.

Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев атап көрсеткендей, “министрлік аталған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін телекоммуникациялық операторларға барынша көмек көрсетуге ниетті”.

“Қазақтелеком” АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің сөзіне қарағанда, КЖҚ-ны дамыту жобаларын іске асыру 2014 жылдың соңына қарай абоненттерге әлемдік көшбасшылар деңгейінде Интернет желілеріне қолжетімділіктің жоғары жылдамдықты қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Яндекс.Метрика