Home » "Коммунист Казахстана" » Қазақстанда элеваторлардың орнына модульдық астық қоймаларын салу керек

Қазақстанда элеваторлардың орнына модульдық астық қоймаларын салу керек

Қазақстанда элеваторлар салу қажеттілігі жоқ, көлемі кішірек модульдық астық қоймаларын салу керек, деп есептейді ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) жауапты хатшысы Евгений Аман.

«Элеваторлар– кеңес заманының анахронизмі. Әлемнің бидай өсіретін бір де бір елінде ондай алыптарды көрмейсіз, өйткені олар қуатты көп тұтынады. Қазақстанда энергетикалық тиімділік стратегиясы қабылданған. Ал элеваторлар – энергетикалық

тиімсіз өндіріс», – деді Е. Аман агенттік тілшісіне сәрсенбі күні АШМ өкілдерімен кездесу аясында.

Оның пікірінше, ірі элеваторлардың орнына «астықты сапалы сақтауға болатын модульдық қоймалар» салу керек.

«Журналистер элеваторларда жиі алдап, салмағын өтірік өлшеумен, ылғалдылық пайызын сақтамаумен қалай күресу керек деп сұрап жатады. Біз аграрийлерге өздерінде сақтап, өздеріне тексеруді ұсынамыз», – деді ведомствоның жауапты хатшысы.

Оның нақтылауынша, қазіргі уақытта АШМ бизнесмендерді өз шаруашылықтарында сыйымдылықтар мен қоймалар салуға ынталандырып жатыр. Бұл үшін «ҚазАгро» холдингі арқылы төлем жасау мерзімін шегерумен жылына 6%-бен арзандатылған несиедер беріледі.

«Бұл стратегияқазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Шаруашылықтар өздерінде 10, 25, 40 мың тонналық, 70 мың тоннаға дейін қоймалар салып жатыр», – деді Е. Аман.

Яндекс.Метрика