Home » "Коммунист Казахстана" » Қазақстанның қысқы Олимпиаданы өткізуге мүмкіншіліктері бар

Қазақстанның қысқы Олимпиаданы өткізуге мүмкіншіліктері бар

Қазақстанның мүмкіншіліктері, оның ішінде спорттық нысандары мен инфрақұрылымы қысқы Олимпиаданы өткізуге жағдай туғызады.

Осындай бағаны Халықаралық университеттік спорт федерациясының (FISU) президенті Клод-Луи Гальен (Claude-Louis Gallien) берді.

Халықаралық спорт шенеунігінің айтуынша, өзінің Қазақстанға жасаған сапарының барысында ол біздің еліміздің спорт инфрақұрылымы саласының дамуына таңғалған. «Алматының спорт нысандары мен инфрақұрылымы өте жақсы дамыған. Мүмкін, 2017 жылдан кейін (Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы өткізген соң) Қазақстан қысқы Олимпиадалық ойындарды да өткізе алады. Әрине, бұл жарыстардың басқа деңгейі, бірақ мен Алматының дами алатынына сенімдімін», – деді К.Гальен.

Бұдан басқа, FISU президенті әлемдегі климаттың өзгеріп, адамдардың көбі қысқы демалысқа Алматыға келуді ойлап отырғанын атап өтті. «Мүмкін, Алматы Альпі тауларына балама бола алар», – деп үмітін білдірді К.Гальен.

Яндекс.Метрика