Home » № 1//11.01.2013 » Қазақтың дана да дара тұлғасы

Қазақтың дана да дара тұлғасы

1912 жылы қаңтардың 12-сі күні Алатау аясындағы əсем шаһар Алматыда Дінмұхамед атты сəби дүниеге келді.

Қазақтың біртуар ұлы, көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткеріне

айналған ол еңбек жолын 1936 жылы Мəскеудегі алтын жəне түсті металдар

институтын бітіргеннен кейін Қоңырат кенішінде бастады.

Көп уақыт өтпей-ақ, өзінің іскерлігімен, таудай талабымен көзге түскен

Дінмұхамед Ахметұлын Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық

комитеті 1939 жылы Риддер кен басқармасының директорлығына ұсынады.

Мойнына ауыр міндет жүктелгенін түсінген жас Қонаев тəуекелге

бел буып, аталмыш кен басқармасында жемісті еңбек етті.

1942-52 жылдары ол Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет істеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары

оған зор сенім артып, Қазақ КСР-і Ғылым академиясының академигі

жəне оның президенті етіп сайлады. Бұл жолда Дінмұхамед Ахметұлы

еліміздегі ғылымның дамуына зор үлес қосып, ғылыми ұйымдастыру

жұмыстарын жақсарту, ғылыми зерттеу салаларын білікті кадрлармен жасақтау сынды шаруалардың жолға қойылуына мұрындық болды.

1955-60 жəне 1962-64 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960-62 жəне 1964-86 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып еңбек етті.

Ол Қазақстанның экономикасы мен мəдениетін өркендету жолында

аянбай қызмет жасады. Бар қабілеті мен қарымын туған өлкесінің гүлденуі

жолында жұмсады.

Жалпы Дінмұхамед Ахметұлының ел алдындағы жасаған еңбегі мен ерлігі ұшан-теңіз. Оның кезінде республика гүлденіп, интернационалдық қарымқатынастың жəне халықтар достығының лабораториясына айналды. Ол

қызмет еткен жылдардың ішінде республикамыздың өндіргіш күші 700 проценттен астам өсті. Былайша айтқанда, Қазақстанды жеті есе өсірді.

Қазақстан Коммунистік партиясын ширек ғасырдай уақыт басқарған

жылдар ішінде ол өзінің мəдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен

танылып, халық дəстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан

екенін көрсетті. Дана бойындағы тектілік, кісілік, бекзаттық, кемеңгерлік

жəне сүйкімділік, періштедей пəктік қасиет аңызға айналған. Кейін

мемлекет ісінен қол үзген кезде де білімдар, білікті жан ретінде елде

жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет

екенін терең сезініп, қолдап отырды.

Сол Димекеңдер жолға қойған Коммунистік партияның қызметі бүгінгі

таңда да өз жұмысын жалғастыру үстінде. Міне, Димаш атамыздың туған

күні кезінде еліміздің жас коммунистері қазақтың дегдар тұлғасын еске

алып, ерен еңбегін кейінгі ұрпаққа жыр қылып айтып отырады. Ол кісінің атын да, артында қалдырған мұрасын да, ерен ерлігін де біз ұмыт қалдырмақ

емеспіз.

Еңбек еткен жылдары Қазақстанды КСРО-ның ең индустриясы дамыған,

алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосып, өзі өмір сүрген күрделі

уақыттың адал перзенті болған Димаш Ахметұлы еліміздің Тəуелсіздігін

алған бақытты таңын көріп, 1993 жылы 82 жасқа қараған шағында кенеттен

қайтыс болды.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының мүшелері де қазақтың дана

да дара тұлғасының өмір тарихын кейінгі толқынға үлгі етіп, халық мүддесі

үшін жасалған жақсы істерді насихаттап отыруды өз міндетінің бірі көреді.

Дінмұхамед Ахметұлы да ел есінде мəңгі сақталар, ұлтына адал ұл болған

сондай тұлғалардың бірі.

С.Рыспеков

Яндекс.Метрика