Home » "Коммунист Казахстана" » Азиада ойындарын халық арасында насихаттау!!!

Азиада ойындарын халық арасында насихаттау!!!

2 ақпан 2011 жылы

Екібастұз қаласы ҚХКП қалалық

комитетінің төрағасы Нугманова Г.К.

Екібастұз қаласы ҚХКП қалалық

комитетінің мүшесі Қожамбердинова Ғ.С.

Қазіргі таңда 7-ші қысқы Азиада ойындары әлем назарын Қазақстанға аударар тарихи оқиға. Бұл біздің елімізде бірінші рет өткізілетіндіктен, барлығымыз қазақстандық спортшыларымызға қолдау жасауымыз керек. Осы шараға орай, біз де, Екібастұз қалалық ҚХКП мүшелері, аталмыш жұмысқа өз үлесімізді қосуға ниет білдірдік. Қала орталағының мұз қалашығына барып, коньки теуіп өзімізді Медеу мұз айдынында сезгендей болдық. Осындай шараның біздің жерімізде өтілуіне өте қуаныштымыз. Мұнда сырғанақ, коньки теуіп жүрген балалар, өздерін қыс маусымындағы спорт түрлерімен қызыға шұғылданып, жүргеніне көзіміз жетті. Бұл жеткіншектермен әңгімелескенде олар өздерін болашақ чемпиондар екенін, тіпті келесі 8-ші қысқы Азиада ойындары қай елде, қашан өтетініне де жауап алдық, бұл деген, Қазақстан білім жағынан да алда болатынын сөзсіз сезуге болады.

Яндекс.Метрика