Home » Жамбылский обком, Партийная жизнь » Қазыналы қарттарды құрметтейміз

Қазыналы қарттарды құрметтейміз

Сәбилікті бастан кешкен соң, жастық та зымырап өтеді, одан ілініп-шалынып қарттық та есікті қағады. Біреуі үшін ғұмыр бойы жиған-тергеннің рақатын көрер шақ болса, кейбіреулерін тағдырдың қатал сыны қарттар үйіне қамайды. Қазақ қашанда қарттарды құрметтеген халық, бірақ қазіргі таңда қарттар үйінде  терезеге телмірген  қара көзділердің саны көбейіп келеді.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысының мұрындық болуымен, үстіміздегі жылдың 1 қазан күні халықаралық Қарттар күніне орай Тараз қаласының дәл ортасынан орын тепкен Қарттар үйінде мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мекемеде қоныс тепкен 100-ден астам қарттар және мекеме қызметкерлері барлық ұлттардың әндері мен билерін тамашалады. Ән шашу қыза түсіп, мекеменің басшысы Ж.Мамыралиев пен қатар оның орынбасары Шабалина Лариса бастаған би аланыңа бәрі де қосыла кетті. Біз,Қазақстан Қоммунистік Халық партияның мүшелері, өзіміздің Республикамызда не жетім балалар,не тастанды қарттар болмаса екенін армандаймыз,сол бағытта жұмыс істейміз. Отанымыз мықты болсын десек-әр адамды естен шығармауға тырысу керек. Президентіміз өз сөзінде еңбекшіл азаматтар туралы көп айтады,ал осы қарттар үінде нағыз Патриоттар,өз өмірлерін Отаңды дамытуға аямаған, 50-60 жыл бойы күштерін аямай еңбек жасаған адамдар тұрады. Облыстық комитеті неше жыл бойы аталмыш мекемемен тығыз байланыста.Осы жолы тек концерт емес,қарттарға сыйлықтарды да табыстадық, мен өз пікірім болса – кария адамның күні,базардан қайтқаны болсада,қуанышты болу керек,сондықтан барлық Қазақстан коммунистерін қарияларға әр қашан қол ұшын беруге шақырамын!

Жамбыл облыстық комитетінің баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика