Home » "Коммунист Казахстана" » Азық-түлік бағасының тұрақтауы мүмкін бе?

Азық-түлік бағасының тұрақтауы мүмкін бе?

Күнкөріс себеті – күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасының жиынтығы. Оның негізінде билік бағаның шарықтамауын жіті бақылап отырады. Жақында Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Елбасы үкімет пен жергілікті әкімдерге бағаны тұрақтандаруды тапсырған. Мұны іс жүзінде қалай жүзеге асыруға болады?

Парламент депутаты Гүлжан Қарағұсова Алматыдағы базарлардың бірінде болып, мән-жайымен танысты. Бұл еттің бағасы. Ал, көкөністің 1 келісі, атап айтқанда сәбіз – 100, картоп – 110, пияз – 120 теңгеден. Жеміс-жидектің көтерме бағасы 85-95 теңге. Азық-түліктің өзіндік құнына 15-20 пайыз қосу арқылы саудагер табыс тауып отыр. Себеп көп, тұтынушыға жеткенше тауар бағасын өсіруші мүдделі топтар, яғни делдалдардың әрекетінен баға шарықтайтын болса керек.

Гүлжан Қарағұсова, Қаржы және бюджет жөніндегі комитет төрайымы:
– Біз қазір бәрін қарап, закупочный бағасын қарап, кейін мынаның бағасын білеміз үлкен супермаркеттерді қараймыз. Сосын кейін соны сараптап, өзіміздің бәрін қараймыз.

Қарағұсованың айтуынша, қаланың түрлі сауда орындарындағы азық-түлік бағасы анықталып, салыстырмалы түрде арнайы сараптамалар жасалады. Оның қорытындысы «Нұр Отанның» орталық аппаратына жеткізіліп, ол бойынша тиісті шешімдер қабылданады.

Яндекс.Метрика