Home » "Коммунист Казахстана" » БҚО: су шайып кеткен баспанасына құжаты жоқ тұрғындар көмектен қағылуы мүмкін

БҚО: су шайып кеткен баспанасына құжаты жоқ тұрғындар көмектен қағылуы мүмкін

Орал өңіріндегі жағдай оңалмай тұр. Батыс Қазақстанда су шайып кеткен баспанасына құжаты жоқ адамдардың көмектен қағылатын түрі бар. Өңірдегі мамандар тасқыннан кейін тексеру жұмыстарын жүргізіп, қала маңындағы саяжайда тұратын тұрғындардың басым көпшілігінің заңды құжаты жоғын анықтаған. Енді оларға жергілікті билік жаңа баспана беруден бас тартып отыр. Тіптітұрғындар табиғат апатынан кейін паналап отырған уақытша қосыннан да шығу керек екен. Барар жері, басар тауы жоқ жандар биліктің шешеміне наразылық білдіруде.

Баспанасынан айырылып баз кешкен тұрғындар әкімдікке жиналды. Көмекке зәру жандардың көп болғаны соншалық,мұндағы ең үлкен залдың ішінде ине шаншар орын жоқ. Басым көпшілігі Орал маңындағы саяжай тұрғындары. Тұрғындарды қабылдаған облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың айтуынша, заңға сүйенсек,құжатсыз тұрғындарға баспана берілмейді. Ал бұл шешімді өзгерту үшін тұрғындардың өздері біраз тер төгетін болды.

Яндекс.Метрика