Home » Алматинский горком, Партийная жизнь » БАҚ назарына! БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

БАҚ назарына! БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

11 қыркүйек, сәрсенбі күні, сағат 14-00-де Алматы қаласындағы Қазақстан баспасөз-клубында Алматы қаласының мектеп асханаларында мемлекеттік бюджет есебінен  оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша баспасөз-конференциясы өтеді.

Қазіргі таңда Алматы қаласының Білім басқармасымен (200 мектепке 7 комбинат) «тамақтану комбинаты» құрылған, онда бір баланың бір күнгі тамағының бағасы 162 теңгеге, ал мемлекет тарапынан бір балаға 300 теңге бөлінеді.  Осының салдарынан оқушылардың ішер асы толық қанды болмай отыр. Бір сөзбен айтқанда балалардың тамағын бизнеске айналдырып алған. Мұндай саясат балалардың денсаулығына зиянын тигізіп ғана қоймай, мемлекеттік органдарда жемқорлыққа алып келеді.

Өздеріңіз білетіндей, осы жылдың көктемінде Алматыда оқушылардың ыстық тағамына қатысты шу шыққан еді. Онда мектептегі асхананы жалдаушылар Алматы қаласына қарайтын мектеп асханаларында тамақтануды ұйымдастыру бойынша мемлекеттік сатып алулар Білім басқармасымен әділетсіз, пара беру арқылы өтеді деп шағымданған болатын. Алматыда өткен алғашқы баспасөз конференциясына жүзден аса жеке кәсіпкерлер жиналды. Олар жазғы демалыста биліктегілерге жүгініп, үкіметке барған еді, алайда нәтиже болмады. Қазіргі таңда биліктің «саңыраулығынан» бұл мәселе әлі де шешімін таппады, тіптен күшейе түсті: мысалы, мектеп асханалары жалға берілуде, сатылуда, балалар тоя тамақтанбайды.

– Біз тендірден жеңіп алған ЖШС талаптарға сай келмейтіндігін анықтадық. Тіпті олардың бірінің лицензиясы санитарлық жұмыстар үшін берілген – дейді кәсіпкер Олег Тышкевич. – Бұл ақшаның барлығы бір қалтаға түсіп жатқандығын көрсетеді. Қаржының көп бөлігі көкелердің қалтасына кетіп жатқаны айдан анық. Әрқайсысы баланың бір қасық тамағынан өз үлесін алып қалғысы келеді. Тендірді ұтып алған бизнесмендер қосалқы мердігерлер жалдайды және оларға барлық ақшаны беріп қоймасы түсінікті, өздерінің атқарған делдалдық қызметі үшін пайызын ұстап қалады. Себебі ол ЖШС барлық мектептерге өздері ғана қызмет көрсете алмайды, өйткені олардың өндірістік аумағы, тауарды бір ортадан жіберу мүмкіндігі, жартылай фабрикаттар өндіретін қоймалары жоқ, оларда тек ақшаны бір ортаға жинау ғана бар.

Сонымен бірге баспасөз конференциясында Алматы қаласында орналасқан мектеп асханасының мәзірін тексеру барысында алынған нәтижелер жарияланады. Ыстық тағамның меншікті салмағы 50 % төменді құрайды, ал мәзірдің қалған 50-60  % басқа фирмалардан алынған дайын өніммен толықтырылған. Қазақстандық оқушының ас мәзірінде қандай тамақ бар? Тағамға қандай азық-түлік қосылады? Алдағы болашақта балаларды мектептен тамақтандыру қауіпті болуы мүмкін деп болжауға болады. Бұл орта және шағын бизнес туралы президенттің жарлығын бұзып, ұлттың денсаулығын сақтауға бағытталған ҚР президентінің саясатына қарсы келіп отыр.

Елнур Бейсенбаев – саясаттанушы, қоғам қйраткері, ҚКХП Алматы қалалық комитетінің хатшысы:

– Бала біздің болашағымыз, біз олардың білімі, дұрыс тамақтануы үшін жауаптымыз. Олар онсызда толыққанды тамақтанбайды, аналары жұмыста болғандықтан және үнемі ыстық тағам дайындап үлгермегендіктен кез келген нәрсені жей салады. Егер мектеп асханаларында Ақмола облысында орналасқан балалар үйіндегідей 99 балаға тауықтың бір аяғынан сорпа жасайтын болса, онда біздің балаларымыздың дені сау болып өспесі анық. Біз мектептердегі ыстық тағам жүйесін сақтауымыз және әрі қарай дамытуымыз керек. Жемқорлықты жоюға тиіспіз. Мектептегі тамақтануды бизнеске айналдырудың қажеті жоқ.

Баспасөз конференцияның спикерлері:

  1. Марианна Гурина – «Ұлағатты Жанұя» ҚҚ президенті.
  2. Маргарита Ускембаева – «Қазақстанның тең құқықтар және тең мүмкіндіктер институты» ҚҚ директоры.
  3. Елнур Бейсенбаев – саясаттанушы, қоғам қайраткері, ҚКХП Алматы қалалық комитетінің хатшысы.
  4. Олег Тышкевич – кәсіпкер.

 

Байланыс тел:  333-45-90, Алматы қ.

 

11  сентября, в среду,  в 14-00 час. в г.Алматы в Казахстанском пресс-клубе состоится пресс-конференция «Не рвите кусок из детского рта!» по проблеме обеспечения школьников г.Алматы питанием в школьных столовых за счет государственного бюджета.

На данный момент питание учащихся является крайне неполноценным по причине внедрения Управлением образования г.Алматы так называемых «комбинатов питания» (7 комбинатов на почти 200 школ!), проведения  непрозрачных тендеров, демпингования цен с 300 тенге до 162 тенге в день на питание одного ребенка. Всего сумма, выделяемая школам Алматы на питание детей 1-4 классов – более трех с половиной миллиардов тенге в год, и это «лакомый кусок». Школьное питание превратили в сферу бизнес-интересов. Такая политика наносит вред здоровью детей, насаждает коррупцию в государственных органах.

Как известно, весной этого года в Алматы разразился скандал в сфере организации горячего питания школьников. Арендаторы школьных столовых заявили  о том, что госзакупки по организации питания в школьных столовых города Алматы проведены Управлением образования с коррупционной составляющей. На первой пресс-конференции в Алматы собралось более ста индивидуальных предпринимателей, оставшихся не у дел. В течение летних каникул они пытались достучаться до властей, обращались к правительству, но все безрезультатно. На данный момент, по причине «глухости» властей, проблемы не разрешились, а усугубились: школьные столовые сдаются в аренду, продаются, дети не доедают.

– Мы выявили, что ТОО, выигравшие тендер, не соответствуют критериям! У одного из них лицензия на сантехнические работы! – констатирует предприниматель Олег Тышкевич.– Это рейдерство, централизация денег в один карман. Понятно, что большая часть средств уходит на «откаты», «отпилы» и «шапки». Каждый старается урвать себе кусок из детского рта! Ведь бизнесмены, выигравшие тендер, нанимают субподрядчиков, и отдают последним не все деньги, а с удержанием своих процентов за посредничество! Потому что эти ТОО самостоятельно не могут обслуживать все школы, так как они не имеют производственной базы, у них нет  централизации поставок товаров, складов, производства полуфабрикатов, а есть только централизация денежных средств.

Кроме того, в ходе пресс-конференции будут объявлены результаты проверки меню столовой одной из алматинских школ. Удельный вес горячего питания в меню составляет менее 50%, остальные 50-60% меню формируется  за счет закупа у других фирм не сырья, а готового к употреблению продукта. Какие блюда включает в себя меню казахстанского школьника? Можно ли употреблять в пищу такие  продукты? Есть все основания предполагать, что в ближайшем будущем кормить детей в школах станет небезопасным. Это идет вразрез с политикой Президента РК, направленной на сохранение здоровья нации,   нарушает  указ Президента о малом и среднем бизнесе.

Елнур Бейсенбаев – политолог, секретарь Алматинского горкома КНПК:

– Дети – наше будущее, мы должны стоять на страже их образования, питания. Они и без того сегодня неполноценно питаются, едят всухомятку, потому что многие мамы работают, и не всегда успевают приготовить горячее. Если и в школьных столовых детей начнут кормить, как в детском доме Акмолинской области, где на 99 детей готовят суп из одной куриной ножки, то наши дети вырастут нездоровыми. Нам нужно сохранять и развивать систему горячего питания в школах, искоренять коррупцию. Сферу школьного общепита не надо превращать в бизнес.

Спикеры пресс-конференции:

1.      Марианна Гурина – президент ОФ «Улагатты Жануя».

2.      Маргарита Ускембаева – директор ОФ «Институт равных прав и равных возможностей Казахстана».

3.      Елнур Бейсенбаев – политолог, секретарь Алматинского горкома КНПК.

4.      Олег Тышкевич – предприниматель.

 

Тел. для контактов:  333-45-90, г. Алматы.

 

 

 

 

Яндекс.Метрика