Home » Атырауский обком » Балғын жүзді балалар

Балғын жүзді балалар

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аясында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Қазақстан Коммунистік Халық Партиясы Атырау облыстық комитетінің жаңа басшысы Ерболат  Ғұсманұлы Дәулетқазиев бастаған жаңа құрамы С.Қазыбаев атындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернат мемлекеттік мекемесінде және Атырау облыстық «Ақбота» балалар үйіндегі бүлдіршіндерді құттықтап, арнайы сыйлықтар табыс етіп, бағдарлама шеңберінде акция өткізді.

Шараның басты мақсаты 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың рухани-адамгершілігінің дамуын, өмірге деген көзқарасын, қызығушылығын, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру және мерекеге байланысты сыйлықтар табыс ету.

«Нұрлы балалық шақ», «Сағыныш екен бала кез» атты мерекелік шаралар арқылы балаларға бақытты балалық шақты күндерін, балалар құқығының қорғалуын, қызықты сәт пен қуанышты кезеңді сезіндіру және жан дүниесіне жылу сыйлау, қамқорлау.

Мерекелік шара облыстық есту және сөйлеу мүмкіндіктері нашар дамыған балаларға жетім және ата-анасының қамқолығынсыз қалған балалардың құрметіне арналды. Егеменді елдің болашағы-біздің балаларымыз. Осы өсіп келе жатқан бүлдіршіндерімізге күннің шуағын, асудың биігін, арманның шыңдарынына шығып, азамат болуларына тілектерін білдірді.

Шараның алғашқы шымылдығын «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызының сөзімен  ашты. «Менде анамын, немерелерім өсіп келеді. Тәуірден жер бетінде аналар мен балаларды барлық пәледен қаға көр деп тілеймін. Сонымен қатар ел анасы: «Менің отбасымның маңызы жай түсінігім бала құқығы жөніндегі бүкіләдемдік декларация мен конвенцияның тұжырымдарына сәйкес келеді», деген жылы сөздермен ашылды. Бүгінгі күні мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін демеп, қолдап жүрген балалардың кең жүректі анасы, балалардан шынайы көмегін аямайтын, қоғамның толық мүшесі болғанша аялайтын кең пейілді, үлкен жүректі ана, С.Қазыбаев атындағы мектеп-интернатының  директоры Сәния Төлегенқызына алғашқы сөз кезін алды. Барлық балаларды ана жүрегімен құттықтады. Мерекелік шараның арнайы қонақтары болып Қазақстан Коммунистік Халық Партиясы Атырау облыстық комитетінің жаңа басшысы Ерболат Дәулетқазиев Ғұсманұлы бастаған ұжым, Атырау облыстық бақылау комисиясының төрағасы Жәукен Көшенов Қайырлыұлы және Балалар құқығын қорғау департаментінің бас маманы Бижанова Ғалия Әділбекқызы, Атырау облыстық Әділет департаментінің бөлім бастығы Эльмира Нұрғалиева, жастар қоғамы бірлестігі  осы барлық кеш қонақтары сөз алып,  балаларға арналған сый-сыйапаттарын ұсынды, шын көңілдерінен құттықтауларын  білдіріп, ақ жол тіледі.

«Ақбота» балалар үйінің директоры Гүлсара Аманғалиқызы демеушілерге, балаларды мерекесімен құттықтап келген қонақтарға шын көңілді ризашылығын осы мерекеге арналған балалардың демалыс уақытына арнап Ресей Федерациясының Железноводск қаласына балалар лагеріне жолдама берген Эмбамұнайгаз компаниясына ерекше алғыстарын білдірді. Мерекелік шараның соңы балалардың үйіне арнайы келген Байекеновтар ансамбльінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Гүлжан Инжелова

Атырау қаласы

Яндекс.Метрика