Home » Партийная жизнь » Білім күні

Білім күні

1-ші қыркүйек білім күніне орай Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитеті жаңа оқу жылына № 264 мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушыларына жаңа оқу құралдарын тарту етті. Мектепке жол бағдарламасы аясында балалық шақты қорғауға 20 қадамның бірі оларды оқу жабдықтармен қамтамасыз ету де болып табылады. Мерекелік бағдарлама аясында партияның І хатшысы Досаев Жұмабек құттықтау сөз сөйлеп, балаларға жылы лебіздерін білдірді. Ораза айт мейрамы тұсында кішкене бүлдіршіндерімізге арналған тарту олардың онсыз да көтеріңкі көңілін одан әрі жайландыра түскендей болды.

Содан соң партия мүшелері қаламыздың № 253 орта мектебіне бет бұрды. Мектеп ұстаздары мен ата-аналары бізді жылы жүзбен қарсы алып, балаларына берілген сыйлықтарға өз ілтипаттарын білдіріп жатты. Оқушылар да алғыс білдіру мақсатында ән шырқап, би билеп берді. Жақсылық жасасаң балаға жаса деп бекер айтылмаған, олардың шын жүрекпен қуанғандығын көру үшін мұндай қадамның талайына баруга әзірміз. Біздің болашағымыздың келбеті осы балаларымыз, біз үшін ең маңыздысы солардың қуанышы мен бақыты. Олардың сабақтарын жақсы оқып, еліміздің елеулі азаматы болып өсуіне кішкене ғана бір үлесімізді тигіздік деп білсек, соған ризамыз!

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының

Қызылорда облыстық комитетінің

баспасөз хатшысы Жүнісова М.

Яндекс.Метрика