Home » "Коммунист Казахстана" » Бір мектептің бірдей 59 түлегі “Алтын белгіге” ие болды

Бір мектептің бірдей 59 түлегі “Алтын белгіге” ие болды

Қазақстанда 59 түлегі бірдей “Алтын белгіге” ие болған тағы бір осындай мектептің болуы екіталай.

Әңгіме дарынды балаларға арналған О. Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған физикалық-математикалық орта мектеп-интернаты (РМФМОМИ) жайында. Оқушылардың асқан дарынына олардың ҰБТ-да көрсеткен нәтижелері дәлел бола алады.

100 балл мен одан да жоғары көрсеткішке 191 оқушы қол жеткізген, мектептің биылғы ҰБТ нәтижесі бойынша орташа білім деңгейі 109 баллға тең. Ал Амер Ермек пен Жұман Қуаныш 124 баллдан, тағы үш оқушы 123 балл жинаған. Өткен жылы РМФМОМИ-де екі жүзге тарта түлектерінің ішінен 88-і үздікке бітірген. Бұдан артық нәтиже бар ма? Бар! Биыл олардың саны 92-ге жетіп отыр.

Олжалы оқушылар мен оқытушылардың салтанатына “грантты жауын” қосылды. Бұған дейін осы білім ордасының түлектеріне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан-Британ техникалық университеті ғана қолға салса, қазір олардың қатары “Назарбаев университет”, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, КИМЭП ЖОО-мен толықты. Ал “Қазатомпром” физмат түлектеріне Ресей мен Францияда білі алу үшін гранттар бөліп отыр.

“Мұндай нәтижеге мектеп балалар мен ұстаздар ұжымының асқан жігерінің арқасында ғана қол еткізетіні сөзсіз”, – дейді РМФМОМИ директоры Қайрош Мақышев.

Яндекс.Метрика