Home » № 17//10.05.2013 » Бірыңғай зейнетақыЕқоры азаматтардын қаражатты неғұрлым көбірек жинақтау үшiнҚқажет

Бірыңғай зейнетақыЕқоры азаматтардын қаражатты неғұрлым көбірек жинақтау үшiнҚқажет

Қоғамымызда əйелдердің зейнетке шығу жасын көтеру туралы мəселе қызу талқыланып жатыр. Парламент Мəжілісінде де аталған заң жобасы депутаттардың арасында əр түрлі пікірталастарды тудырды. Оған қарсы болған да бар. БіраүҮкімет бұл шараның дұрыс екендігін айтып, өз беттерінен қайтпай келеді.

«Біз мұндай қадамға неліктен барып отырмыз? Қазіргі заң бойынша 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне зейнетақыны мемлекет төлейді. Алайда, аталған санаттағы зейнеткерлер саны уақыт өткен сайын азая береді.

Керісінше, бүгінгі жинақтаушы жүйеден зейнетақы алатын адамдардың саны көбейе түседі. Яғни, 2018 жылдан бастап зейнеткерлікке шығатын əйелдердің бюджеттен алатын зейнетақы мөлшері төмендейді. Енді ол бюджетке емес, адамның қордағы өзінің жинаған қаражатына тікелей байланысты болмақ.

Міне осыған орай жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіру мəселесі алға шығып отыр.

Осы тұста арнайы ескерткім келеді, бұл – бүгінгі уақыт талабынан туындап отырған қажеттілік. Демек, Бірыңғай зейнетақы қоры азаматтардың осы жүйеге барынша көбірек Қатысуы, қаражатты неғұрлым көбірек жинақтауы үшін қажет»,- деді жуырда «Хабар» телеарнасындағы «Жеті күн» бағдарламасына берген сұхбатында премьер-министр Серік Ахметов.

Расында да қазіргі зейнетақы жинақтау жүйесінде бір кілтипанның бары рас. Мысалы, көп жылдан бері жоғары оқу орынында сабақ беретін ұстаз Баян Серікбайқызының айтуынша, соңғы жиырма жылда оның жинақтаған қаражаты бір миллион жеті жүз мың теңге болыпты. Бұның ішінде қор тапқан инвестициялық табыс та бар. Бұл менің бір жерде ғана емес, екі жерде жұмыс істеп жүріп жинаған ақшам.

Көп адамдар бір-ақ жерде жұмыс істейді емес пе? Сонда олардың жинағандары бұдан көп төмен деген сөз. Енді осы менің 20 жыл бойы жинаған болашақ «зейнетақым» маған бар-жоғы үш жыл ғана зейнетақы төлеуге жетеді екен. Содан кейін не болады?-дейді ол.

Қазір Парламент қарауында жатқан жаңа заң жобасы қабылданса, елімізде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылады.

Осы қорды кім басқарады əрі қорда қаражаттың сақталуына кім кепілдік береді? Серік Ахметовтің айтуынша, Бірыңғай қордың зейнетақы активтерін тек қана Ұлттық банк басқарады. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының жанынан құрылған арнайы кеңестің бақылауында болады. Қордың қызметі тек халықтың зейнетақы жинағының сақталуына, оның өсуіне бағытталған жəне бұған мемлекет үлкен кепілдік береді екен.

«Біз зейнетақы жүйесін жетілдірудің қажеттілігі туындап отыр деген шешімге келдік.

Бұл əрине, өте маңызды əрі күрделі мəселе.

Сондықтан Бірыңғай зейнетақы қорын құру – жекеменшік қорларда туындаған мəселелерді шешуге бағытталған шара деп түсінген жөн.

Біріншіден, аталған қорлар халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен толық түрде қамти алмады. Нақты айтар болсақ, бүгінде жұмыс істеп жүрген 8 млн. 400 мың адамның жартысынан астамы қазіргі зейнетақы жүйесіне қатыспай отыр. Өкінішке орай, қорлар бұл азаматтарға көңіл бөлмей, тек бір-бірінің салымшыларын ауыстырып алумен ғана айналысуда.

Бұл əрине, қорларға тиімді, ал бұдан азаматтарға, яғни халыққа, мемлекетке қандай пайда. Мəселенің мəнісі осында»,- деді Үкімет басшысы С. Ахметов.

Премьер-Министрдің сөзіне қарағанда, екіншіден қорлар зейнетақы қаражатын тиімді басқара алмады. Бұл табыстың төмендеуіне алып келді. «Үшіншіден, бүгінгі қорларда комиссиялық алымдар мөлшері өте жоғары. Ал жауапкершілік төмен деңгейде.Осы жағдай əр азаматтың салымдық жинағын 26 пайызға дейін қысқартады. Демек, қорлар бүкіл қаражаттың төрттен бірін өздеріне алып қалады. Бұл дұрыс емес»,- деп атап өтті ол.

Расында да қаптаған қорлардың өздеріне қымбат кеңселер жалдап, қымбат автокөліктер сатып алып, көптеген қызметкерлерді ұстауға қыруар ақша бөліп отырғаны жасырын емес. Енді осыны оңтайландырып, бір ғана қор қалдырудан қыруар қаражаттың үнемделетіні рас.

Бірақ босаған қызметкерлерге кім жұмыс тауып бермек? Олардың да асырап отырған бала-шағалары бар емес пе? Үкімет осыны ойлады ма екен?

«Жалпы осы зейнет жасын біріздендіруде, яғни ерлер мен əйелдердің жасын теңестіруде əлемдік тəжірибеде бұл мəселе қалай реттелген.

Сосын əйелдердің əлеуметтік қорғалуы осы реформа негізінде іске аса ма?» – деп қойған тілші сауалына С. Ахметов: «Бұл – үлкен жұмыс. Біз Үкіметте жан-жақты қарап, зерделеп отырмыз.

Бұндай мəселе біздің елде ғана туындап отырған жоқ. Бұл – əлемдік құбылыс. Оны баршамыз білеміз. Сондықтан əлемдік тəжірибе туралы айтсақ, көптеген елдер зейнетақы жасын ұлғайтуда. Əрине, біз жауапкершілікті сезініп отырмыз. Бұл тұрғыда əйелдерге арналған жаңа жұмыс орындарын ашуды, оларды барынша жұмыспен қамтуды қолға алудамыз. Осы мақсатта 2020 жылға дейін 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда»,- деп жауап қайтарды. «Зейнет жасын көтерген мұндай тəжірибе басқа елдерде де бар. Сондықтан Үкіметте зейнеткерлікке жақындаған адамдарды əлеуметтік жағынан қосымша қорғау үшін «50+» бастамасын, яғни 50 жастан асқандарды жұмыспен қамту жоспарын қабылдадық»,- деді.

Əйелдердің ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүретіні рас. Еліміздегі барлық ер адамның тек 13 пайызы ғана зейнет жасына жетеді екен. Гендерлік саясат деген де бар.

Ол бойынша қоғамда ер адам мен əйел адам тең болып саналады. Яғни, олардың құқықтары бұл жерде де бұзылмауы керек. Бірақ біздің ел Еуропа емес қой, Шығыста əр уақытта əйелдердің орны бөлек. Сондықтан да болар Үкімет бұл ісін біртебірте, ақырын, жұмсақ түрде іске асырмақ екен. «Заң жобасында əйелдердің зейнет жасын 58-ден 63 жасқа көтеру туралы ұсыныс бар. Дегенмен негізгі мəселе зейнет жасын бірден көтеруде емес. Осыған назарларыңызды аударғым келеді. Біз зейнет жасын 2014 жылдан бастап əр жарты жыл сайын кезең-кезеңімен 10 жыл ішінде көтеруді ұсынып отырмыз. Демек, толық 63 жаста зейнетке шығу тек 2024 жылдан басталатын болады»,- деді Үкімет басшысы телеарнаға берген сұхбатында.

Аман Іргебай, Астана

Яндекс.Метрика