Home » "Коммунист Казахстана" » Биыл индустрияландыру картасы шеңберінде 370 мың жаңа жұмыс орыны құрылады

Биыл индустрияландыру картасы шеңберінде 370 мың жаңа жұмыс орыны құрылады

Биыл индустрияландыру картасы шеңберінде 370 мың жаңа жұмыс орыны құрылады. Мәжілісте өткен үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осылай деді.Гүлшара Әбдіқалықова депутаттарды, үш бағыт бойынша жүзеге асырылатын «Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасымен» таныстырды. 1 шілдеден басталатын бағдарлама бойынша 2016 жылға қарай бір жарым миллион адам жұмыспен қамтылмақ. Ал кедейлік деңгейін 6 пайызға дейін төмендетіп, жұмыссыздық деңгейін 5,5 пайыздан асырмай ұстау көзделген.

Мамандарды оқытып, біліктілігін арттырып, өндірістің жаңа саласына бағыттау жалғасады. Министрлік алғаш рет еліміздегі барлық инвестициялық жобалардың іске асырылуын ескере отырып, ағымдағы және келешектегі жұмыс орындарының жалпыұлттық электрондық базасын құрады. Ал ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға баса көңіл бөлінеді. Өз ісін ашам дегендер бір ай тегін арнайы курстан өтеді. Үш миллион сомаға дейінгі ұзақмерзімді шағын несиелер беру басталады.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Биыл микрокредитке 3 миллиард теңге беріліп отыр. Ол облыстарға бөлгенде онша көп емес. Әр облысқа 200 миллионнан келеді. Сондықтан барлық облыстармен сөйлесіп жатырмыз. Биыл пилот болғандықтан белгілі ауыл, аудандарды пайдалану жағын.

Яндекс.Метрика