Home » "Коммунист Казахстана" » Біз қазақпыз!

Біз қазақпыз!

Өткен ғасырдың 90–жылдары тәуелсіздігіміздің ақ таңымен таласа Атамекенін аңсап шеттегі қазақ қандастарымыздың алғашқы легі елге оралды. Міне содан бері қаншама уақыт өтсе де әлемнің әр түкпіріне тарыдай болып шашылып кеткен қазақтар күні бүгінге дейін тарихи отанын аңсап жетуде. Мақалада шеттен келген қазақ қандастарымызға көрсетіліп жатқан көмек пен қаржылай қолдауларды қозғаудан аулақпын. Алайда рухани демеу яғни жалындап, Абайша айтсақ отанының бір бұрышына кірпіш болып қалануды арман еткен жастардың қай есікті ашып, қай төрге шықса да алдынан әуелі «Оралман», немесе келген мемлекетіне қарай «Өзбек», «Қытай», «Маңғол», «Тәжік»… деп кемсіте қарайтындығы анық. Сонда сол жастардың өзге елде кіндік қаны тамып, жат елді мекен ете тұра өз салты мен дәстүрін, тілі мен ділін, қасиетті дінін сақтағанына кінәлі ме? Әсіресе жастарды шеттету мен шектеу түрлі дода –сайыстарда, оқу –білім барысында, ең қарапайымы студент жастардың білім деңгейіндегі бағаларын дұрыстап ала алмауында. Кім –кімнің де арасында өрбитін әңгіменің төңірегі біреу –ақ. Ол «оралмандар ғой –білімсіз, өзбек емес пе көргені сол, қанша айтқанмен қытай саясатты ғой…» біз естіп жүген күнделікті құлаққа түрпідей тигенімен етің үйренген диалекттер міне осылай тізіле береді.

Алайда қынабынан суырылып шығып, сан жерден ол оралман, сіз айтқандай Маңғол, Қытай, Қырғыз болсын өзін қажетті жерде мойындатып қазақтың атын әлемге танытып жүрген оралман жастардың саны аз емес. Бірақ қазақы қанымызға сіңген әдет пе биіктеген оралман жасты көріп қазағым дейміз, жас өскіншекке тайға таңба басқандай етіп ата тегімен жапсырма ұлтын айтып мазақ етеміз. Айткенмен шыбықтың да бүр жарып гүлдейтінін естен шығармаған жөн болар.

Осыдан бір жыл бұрын Омбы жерінде барған іс – сапарымда шекараның арғы бетінде өсіп, өніп жатқан қазақ қандастарымызбен кездеу мүмкіндігі туды. Кездесуде көздерінде оты бар, жүрегінде тарихи Отанына деген сағынышы бар жастар толып жүр. Сонда Алтынай есімді қаракөз қалқаның Сұлтанмахмұт Торайғыровтың

Мен қазақ қазақпын деп мақтанамын.

Ұранға «Алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?! дей отырып сөз бастап, «…Біз Омбыдағы қазақ жастары қаны бір қандас қазақтарымыздың ортасынан жырақта жүрсекте ата – бабадан қалған дәстүрімізді, тіліміз бен дінімізді, құнды мәдениетімізді сақтау жолында аянып жатқан жоқпыз…» деп сөзін сабақтай түскен қазақ қызының сөзіне жүрегі туламаған жан баласы қалмаған шығар. Енді бағамдайық Отанынан жырақта болсын, Отанында асыр салып жүрсін ең бастысы ұлтына деген махаббаты бар жастардың арман – тілегі бір.

Сөз соңында республикалық «Оян Намыс» журналының 2011 жылығы 16 мамырдындаға сайтында Т.Рысбековтың «Атамекенге келіп арманым орындалды» деген өзегі өкінішке толы мақаласындағы сөзбен қортындыласам: «90-ыншы жылдарының басында біздің ауылға Моңғолиядан ұстаз, қазақтың ән-күйінің жампозы Бүркітбай дейтін ағай көшіп келді. Бір күні мектепте 3-4 мұғалімнің басы қосылып әңгімелесіп отырғанымызда Бүркітбай ағамыз: – Мен армандаған арманыма атамекенге келіп жеттім, – деп қалды.

Біз: – Әрине, әрине, – деп, «атамекеніне аман-есен жеткенін айтып отырған шығар» дегендей бас шұлғып, құптап жатырмыз. Бүкең әңігімесін әріқарай жалғастырып: – Монғолияның ішкі аймағында, қалың маңғолдың ішінде 20 жылдай

өмір сүрдім. Олар менің атымды атамай, «хасаг» (қазақ дегені) деп үнемі кекететін. Әбден арыма тиіп, келеке етіп бітті.

Күндердің күнінде менде маңғолша сөйлеп, оқып, жазып, олардың ұлттық киімін киіп, салт-дәстүрін ұстанып, ән-жырын тыңдап, ұлттық тағамдарын дайындап үйрендім. (Әрине, күнде емес, үйге маңғолдар қонаққа келгенде). Қысқасы, іргедегі итімізге дейін маңғолша үргіздік. Бәрібір «хасаг» деп қақсап шеттете берді. Қысқасы, «маңғол болайыншы» деп, қанша армандасам да жете алмадым. Қазақ болғаным үшін симадым. Енді, міне, атамекеніме, Қазақ еліме келіп, қазақ бауырларымның арқасында арманым орындалып, «маңғол» атанып, аңсаған «арманыма» бір-ақ күнде жеттім», – деген екен.

P.S. Бүгінгі қазақ пен оралмандардың арасындағы айырма бірі шеттен келген, Отанда өмір есігін ашқан. Арадағы алшақтық осы ғана. Десе де күресер мүддеміз бен көздеген мақсатымыз біреу. Себебі біз түбі бір түркінің көк бөрілеріміз. Қазақпыз!

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Астана

Яндекс.Метрика