Home » "Коммунист Казахстана" » Cайлау алды платформасы

Cайлау алды платформасы

 

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы

 

Қазақстан Республикасының Президентің 03.04.2011ж. сайлаудағы

 сайлау алды платформасы

 

                Еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайы соңғы жылдары халық әл-ахуалының жоғарылуына қарай бел буды. Өнімнің артуы, дағдарыстан кейінгі уақытта, әлеуметтік саланың бюджеттік қамтамасыз етудегі  ең күрделі мәселелерді шешуге әсерін тигізді.

               Сонда да, электрқуатын, көмір, металл, азық-түліктің негізгі түрлерін өндірудегі деңгей 1990 жылдан асып түскен жоқ. Жеңіл өнеркәсіп, малшаруашылығы жан түршігерлік жағдайға дейін түсіп кетті. Экономиканың негізгі салаларындағы жеке меншік, тиімділігіне деп артқан сенімін ақтамай, сонымен қатар бай мен кедей арасындағы қарама- қайшылықты одан әрі тереңдете түсірді.

           Тұрғын үйдің жетіспеушілігі және коммуналды төлемдердің жоғарылауы, халықтың жағдайын одан әрі тоқырауға әкеліп соқтырды. Елімізде бос, қаңырап тұрған үйлер, мындаған азаматтардың үй құрылысына деген салған салымдары тоқтатылып, тұрғын үй қоры коммерциялық және криминалдық айналымға түскеніне биліктен ешкім жауапты емес. 

            Мемлекет, халық алдындағы жауапкершілікті ен төмен деген белгіге жеткізіп, оның бәрі халықтың билік органдарына деген сенімін жоққа шығарды. Билік партиясы ұяттанбай еліміздің экономикалық жетістіктерін жария қылуда. Үлкен ауқымды бизнестің өрге басуын, олардың жылтыр өмірін халықтың әл-ауқаты  деп сендіргілері келеді, бірақ  көретініміз тіптен керісінше. Халықтың табысы көп жылдар бойы өмірдің шын мәніндегі бағасынан әлде қайда артта қалып келе жатыр. Білімдегі және денсаулық сақтау салаларындағы енгізілген жаналықтарды халық мүлдем қабылдамайды, өйткені оған деген шығын неғұрлым көп, және көптеген позициялар бойынша кедейлер, қариялар және орташа табысы бар адамдар үшін қол жетімді емес.

           Қауымның материалды бөлінуі одан әрі тереңдеп келе жатыр, жұмыспен қамтылған адам саны азаюда. Ауысымаралық кезеңде енбекке жарамды халықтың тең жартысы жұмыссыз отырады.  Кіші –гірім бизнес бәсекелестердің, шенеуніктердін және халық тұтынатын тауарлар импортымен қыспақталып, көзін жоғалтуда.  Кіші-гірім және орта бизнесті қорғау механизмдері әлі күнге дейін іс-әрекетсіз. Билік міңезіндегі өзімшілдік, көрсетушілік, шенеунікке бас ию деген факторлар тереңдетілді.  Билік жұмысының әдістері көбінесе арсыздық, өтірік пен менсінбеушілікке негізделеді.          

Әлі күнге дейін жерге байланысты мәселе шешімін тапқан емес. Қарапайым халық толықтай өзінің жерлерінен алыстатылды. Оларға өздерінің шаруашылықтарына қарасуға тым ауыр тиетін болды, азықтың өзі  қол жеткізбейтіндей болып, ішкі нарыққа шығатын жолдары болмай қалды. Олардың еңбектерінен  шенеуніктер мен  алыпсатарлар пайда табуда. Әсіресе, ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі болып отырған ол банктік жүйесі, батыс капиталының тәуелділігіне түскен және халықпен, өнеркәсіптікке жүк болып отыр.

             Сайлауалды күреске түскен біздің партия өз алдына экономикадағы келесі мақсаттарды қояды:

             – Халық тұтынатын тауарларды, негізінде азық-түлік тауарларын шығару саласындағы ұлттық компаниялардың, үлкен өнеркәсіп орындарының, және кәсіпорындарының ісін көзге көрінетін қылуын қамтамасыз ету. Жақын арадағы бес  жылда халық үшін тауар импортын 25-30% кеміту;

             –  Энергетика, мұнай, тау кен байыту, теміржол, әуе көлігі салаларын мемлекеттік меншікке қайтару;

             – мақтаны, теріні, тері өнімдерін, ағашты  сыртқа шығаруды тоқтатып, түсті және қара металлды сыртқа шығаруға квотаны енгізу, осы өнімді еліміздің ішінде мемлекеттің, жеке бизнестің қаржысына өндеп, шығару. Сол жағдайда да, шетел инвесторларының капитал салымы 30 пайыздан аспау қажет;

         – бос нарықтық қатынастың негізгі  принциптерімен қамтамасыз ету;

         – өнімшығаруды жария етіп, көзге көрінетіндей ету;

         – шығарылған өнімнің бәсекеге жарамдығын сапасы және бағасына қатысты арттыру;

         – күрделі салалардың кіші-гірім және орташа бизнеспен байланысуы, олардың мақсатты дамуына тірек болып, ат-салысу;

         – жемқорлықты жойып, билік және жеке капиталының бірігуін тоқтату;

         – Өзін ақтаған «бірінші экономика, кейін саясат» ұранының ақиқат екендігін мойындау. Экономикалық қайтақұрылымдар саяси үрдістен ағып шығады, қауым өмірін толықтырып, бір мақсатқа әкеледі;

         – халықтың әл-ауқатының артуына және экономикалық күштің өсуіне әсерін тигізуге шикізат және табиғи ресурстары толықтай орын алатын даму жолын табамыз.

        

                   Президенттік сайлау кампаниясы үстінде партия келесіге қол жеткізбекші:

         – Қазақстан халықтарының бірлігін нығайтуға;

         – қазіргі істегі биліктің жасаған теріс қылықтарына халықтың көзін ашып, либералды бейбіт тәртібінің неғұрлым теріс екендігін анықтайды;

         – еңбекке жарамды халықтың әл-ауқатын арттырып, сәйкес деңгейде енбекті төлеп, халықты жұмыспен қамту;

         – әлеуметтік қорғалмаған халық үшін, тегін білім алуға және денсаулық саласындағы қызметті кепіл ету;

 

–         Бағаның қалыптасуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етіп, дұрыс табысты мақсат ететін салық режимін әзірлеу. Табыс көлемі өнімнің шығуында болу керек; 

–         Мектепке дейінгі мекемелерді қайта құрып, қалпына кетіру, олардағы көмекке қажет жанұялардан болған балаларға мемлекеттік көмекті қамтамасыз ету. Қажетті мемлекеттік ресурстарды бөліп, жетім балалардың жалпы тәрбиесіне көшу;

–          Еліміздің саясатының ортасында адамның өмірі, еңбегі, мәдениеті, физикалық денсаулығы, және олардың еліне және қауымына  деген еңбек ету қабілетінің болуын мақсат етеміз;

–         Елімізде көпұзамай шынайы көппартиялық жүйені құру қажеттілігі бар. Шынайы халықбилігін құрудағы саяси күштердің рөлін кеңейту.

 

 

 *     *     *

 

            Қазақстан халқы  экономикадағы, әлеуметтік-саяси саласындағы ұстанған позияциямызға ортақ болып,  Қазақстан Республикасы Президенттігіне сайлауда бізді қолдайды деп сенеміз.

 

«БИЛІКТЕ – КҮШ, БІЗДЕ –АҚИҚАТ»

 

 

Яндекс.Метрика